Теһранның (Тегеранның) ақпарат құралдарының хабарында, жергілікті уақытпен 1 қараша күні Ресей президенті Владимир Путин Иранға сапарлай барып, елдің рухани көсемі және президентімен кездескен. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігі хабарлады.
Екі ел басшыларының кездесуі кезінде Иранмен жасасқан алты жақты «Иран ядролық келісімі» мәселесін, Сүрия дағдарысы және терроризмге қарсы ынтымақтастық тақырыптарын сөз еткен. Сапар кезінде Ресей президентінің баспасөз мәлімдемешісі Путин сапарының Иранмен Сүрия дағдарысын шешуді мақсат еткенін атап өтті. Бұған қоса Путиннің бұйымтайы қатарында екі елдің энергетика мәселесі мен Иран ядролық мәселесін де оңды шешу мақсаттары бар. Бұл іс-сапар кезінде Ресей, Әзірбайжан, Иран басшыларының саммиті өтеді деп күтілуде.
Иран үкіметінің ресми сайтында жазылуынша, елдің рухани көсемі Хоменей Путинмен кездескен кезде, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берген. Иран мен Ресей Сүрия мәселесінде қашанда бір майданда екенін алға тартқан. Сонымен бірге екі ел татулығының Орта-Шығыс орнықтылығына оңды әсерін тигізіп отыр деп бағалаған. Хоменей кездесу кезінде АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық коалицияның Сүрия үшін қажеті жоқ деген ойын айтты.
Путиннің Иранға сапары Батыс елдерімен бірге, көрші жатқан араб елдері де басты назар да ұстап отыр. Естеріңізде болса Салман бин Абду Азиз әл-Сауд Ресейге сапарлай барып, өңірдегі бәсекеде Иранды басып озу үшін Ресейге сапарлай барып, қарым-қатынасты нығайтып қайтқан еді. Путин Сауд патшасын аттандыра салып көп өтпей, өзінің Иранға жасаған сапарынан кейін Орта Шығыс қайшылығы тағыда дүбірге ұласуы бек мүмкін.