Қырғызстанда президент сайлауы қарсаңында оппозиция өкілдері күштерін біріктіретінін мәлімдеді.

Тамыздың 1-і күні 15 қазанда президент сайлауына қатысатын партиялардың көш басшылары Адахан Мадумаров (Бутун Қырғызстан), Бақыт Торобаев (Онугуу-Прогресс), Ахматбек Келдібеков және Қымшыбек Ташиевтар (Ата-Жұрт Мекеншіл): «Біз саяси партиялар жетекшілері алда келе жатқан сайлаудың маңыздылығын ескере отырып, ел тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында күш біріктіріп, жаңа партия құруды жөн көрдік. Біз осы мәлімдемеміз арқылы елдегі барлық саяси партиялар мен осы бастамаға қызығушылық танытқан барша жұртты біздің қатарымызға қосылуға шақырамыз» - деген мәлімдемеге қол қойып, Қырғызстан халқына жолдады.

Сарапшылардың айтуынша, Мадумаров, Торобаев, Келдібеков, Ташиевтардың барлығы Қырғызстан саясат алаңының оңтүстік кландарының өкілдері. Төртеуі де қазан айында өтетін президент сайлауына қатысатындарын айтып, өз кондидатураларын ұсынған. Олардың күш біріктірулері жайындағы мәлімдемелері президенттікке басты үміткер тағы бір оңтүстік кланның өкілі, Қырғызстанның қазіргі премьер-министрі  Сооронбай Жээрнбековке қарсы тұру.

“The Qazaq Times”