ҚР мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті барлық туроператорларға Еуропаға саяхатқа аттанғалы жатқан барлық қазақстандықтарды кей аудандарда жүріп жатқан қызылша ауруының эпидемиясы жайлы ескертулерін талап етуде. Еуропа елдеріне аттанғалы жатқан туристерге өмірге қауіпті ауруға шалдығу қаупі барын ескертіп жатыр.

Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалидің айтуынша, Еуропалық  денсаулық сақтау  орталығының  мамандары 2017 жылдың басынан бері  Еуропа елдерінің кей аймақтарында қызылшамен ауырған науқастардың саны тым артқандығын хабарлауда. Әсіресе, Румыния мен Италияда жұқпалы ауруға шалдыққан  адамдардың саны көбейген. Ал қызылшамен ауырғандардың саны бүгінде 4000-нан асып отыр. Ауру тараған елдердің қатарында: Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Исландия, Испания, Италия, Португалия, Румыния, Чехия, Швейцария, Швеция, Франция секілді 12 мемлекет атап көрсетілген.

Қызылша (корь) – парамиксовирустармен қоздырылатын, ауа-тамшылы механизм арқылы берілетін, клиникасы циклді ағыммен, қызумен, интоксикация белгілерімен, катаральді синдроммен, макулопапулезді бөртпемен  және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

“The Qazaq Times”