Германия өзінің әуе күштерін F-35 ұшақтарымен күшейтпек. Бұл туралы бір күн бұрын Германия үкіметі мәлімдеді.
Германия әуе күштері 40 жылдан бері «Торнадо» реактивті ұшағын қолданып келеді. Бұл неміс әуе күштерінде америкалық ядролық қаруды тасымалдауға қабілетті бірден бір раективті ұшақ саналған. Герания билігі қорғаныс күштерін модернизациялау бағдарламасын жасап, оған 100 млрд евро қаржы бөлді.
Аталмыш бағдардама аясында Германия АҚШ-тан 35 дана F-35 ұшақтарын сатып алмақ. Locheed Martin компаниясы өндіретін аталмыш ұшақ әлемдегі ең озық соғыс ұшағы саналады. Ал, оны пайдаланушы елдер саны онға да жетпейді.