Өткен жылдан бері қамауда отырған қырғыз оппозиция өкілдеріне бүгін сот үкімі шықты. Бектұр Асанов пен Қуанычбек Қадыровқа он екі жыл, Эрнест Карыбековқа жиырма жыл жаза берілсе, Дастан Сарығұлов төрт жылға қамалып, оның үш жылын шартты түрде өтеу үкімі жарияланды деп хабарлады Би-Би-Сидің қырғыз қызметі.

Аталған саясаткерлердің адвокаттары бұл үкімге қарсы шығып, жоғары сотқа арызданбақшы. Сотталған тараптар бұл істі саяси бұйрық деп отыр.
Сот үкімінде энергетика саласының маманы Эрнест Карыбеков жирма жылға абақтыға отыратын болды. Ол "Мемлекетке опасыздық жасау", "Қылмасты жауып жасыру" баптары бойынша айыпталуда.
Оппозиция майданындағы саясаткерлер Бектұр Асанов пен Қуанычбек Қадыров он екі жылға бас бостандығынан айырылды. Олар "Билікті күшпен басып алуға әрекет жасаған" және "Қылмыс жасауға әрекеттенген" деген айыппен сотталуда.
"Бұл биліктің бізге қаратқан саяси бұйрығы, біз тазамыз, бірде-бір факті дәлелденген жоқ. Жеңіс біз жақта болады. Билік барлық жасаған істері үшін жауап береді", - деді Бектұр Асанов сот үкімі шыққаннан кейін.
Қоғам қайраткері Дастан Сарығұлов "Қылмасты жасырған" деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сарғұлов өзіне артылған айыптармен келіспей: "Мені айыптайтын ешқандай дәлелдері жоқ. Бұл сотта да анықталды. Бірақ, соны біле тұра жауып, жасырды дейді. Сот үкімінде қарама-қайшылықтар бар. Мен бұлармен 2013 жылы жолыққанмын. Одан кейін телефонмен де байланыспадым. Олардың ісін қайтып жауып жасыра аламын?!" - деді.
Оппозиционер Қубанычбек Қадыров пен Бектұр Асанов өткен жылғы наурызда Аксыда өткен митингтен кейін қамалған. Энергетика саласының маманы Эрнест Карыбеков, видеотаспасы шыққаннан кейін 25 наурызда тұтқындалған. Дастан Сарығұлов маусым айында ұсталып, жыл соңында үй қамағына шыққан еді.
Олардың адвокаттары айыпталушылардың мемлекеттік телеарналарда тарқатылған үн және видеокескіндері бұрмаланған, арнайы жасалған деп есептейді.
Бірақ, биліктің бұл іс бойынша пікірі қарама-қайшы. Президент Алмазбек Атамбаев бір жыл бұрын Аксыда өткен митингтен кейін оппозиция өкілдерін жазалау керек деген еді.
"Әлбетте бұл адамдарды ауру деп қол сілтей салсақ болар еді. Бірақ мен оларды қатаң жазалау керек деп ойлаймын. Себебі, бұлай жазасыз қалуға болады деп ойламау керек. Бұл ауру басқаларға да жұғуы мүмкін. Президент болғың келсе, сайлауға бар" деген еді.
Бұл оқиғада билікті жақтаған эксперттер «бұл саясатшыларды шынында да мемлекетке қауыпті жағдай төндіргені үшін қамалды» деп есептейді. Ал, саясаткер Марс Сариев қамалғандарды саяси тұтқындар деп есептеу керек деген пікір білдірді.
Сөз болып жатқан төрт адамға қарата шыққан бүгінгі сот үкіміне наразы болған тараптар, заң бойынша он күннің ішінде қалалық сотқа арыз беруге құқылы.
Жоғары сот мемлекеттік құпиялармен жеке тұлғаларға байланысты жабық болғаны айтылды.

“The Qazaq Times”