Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елде жылына 50-60 мың автокөлік және электр көліктерін өндіру керектігін алға тартып, көлік өндірісі тармағына қолайлы шарт-жағдай жасауға тапсырма берді. Ол сондай-ақ көлік өндірісі саласына шетелдік мамандарды көптеп тарту туралы да ұсынысын ортаға салған.
Жасырары жоқ, Өзбек лидерінің бұндай мәлімдемесі елде автокөлік өндірісі саласында монополия туралы дау-шарлардың тұсында жасалып отыр. Өзбекстанда дамып келе жатқан көлік өндірісі саласына салым қоспақ болған өзге компаниялар елдегі аталған саланы монополдаған «УзАвтоМоторс» компаниясына қатысты шағымдары бар.
Бұдан бір жыл бұрын Мирзиеев отандық көліктерінің бағасы қымбат деп сын айтқан болатын. Ал, желтоқсан айындағы мәлімдемесінде елдегі көлік өндіріс саласында бәсекелестік қалыптастыру арқылы дамыту туралы ойларын айтып еді. Кәсіпкерлер үшін бәріне ортақ шарт түзу туралы да сөз қозғаған. Елдегі көлік өндірісі саласында KIA, Volkswagen және Skoda секілді ірі компаниялар үстемдік етіп келген. Президент Мирзиеев алда өзге де компаниялардың ортақ мүмкіндіктерге ие болатыны туралы бастама көтеруде.
Өзбекстанда жасалған Nexia мен RAVON көліктері Қазақстан, Қырғызстан секілді Орта Азия елдерінде көбірек сатылымға шыққан. Алдағы уақытта авто көлік өндірстерін, әсіресе электр көліктерді өндіруді жандандыра түссе, Өзбекстан бұл салада өңірдегі шартсыз лидерге айналмақ.