Қазақстанда 38 адам коронавирус жағдайына байланысты санитарлық бақылау жағдайында медициналық мекемелерде жатыр.
Бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов соңғы мәліметтерді бөлісті:
– Қазіргі уақытта медициналық мекемелергедене қызуы көтеріліп, коронавирус ауруын жұқтырды деген күдікпен 54 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 16 адамның диагнозы расталмаған, олар сауығып, жазылып шықты. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханасы мен стационарда 38 адам санитарлық қадағалаудың қатаң бақылауында, – деді.
«Диагностикалық зерттеу жалғасып жатыр. Алматыда аса қауіпті инфекциялар ғылыми ұлттық орталығы базасында Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп ДДСҰ әдістемесі бойынша коронавирустың генетикалық диагностикасы жолға қойылған. Соған байланысты емдеу шараларына кірісетін боламыз», – деп толықтырды министр.
29 қаңтарда бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Қытайдан келген 35 адамның ауруханаға жатқызылғанын айтқан болатын. Олардың 27-сіне тұмау диагнозы қойылған. Ал сегіз адамның анализінің нәтижесі жақын күндері шығуы тиіс.
Әзірге дүние жүзінде коронавирус жұқтырған 7 711 науқас тіркелді, 170 науқас көз жұмды. Сонымен қоса әлем бойынша 17 мемлекетте 90 науқас тіркелді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды