Қырғызстанда Қой-Таштағы жаппай тәртіпсіздік және сарбаздарды кепілдікке алу ісі бойынша бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев пен өзге де күдіктілерге сот-психиатриялық сараптама тағайындалды.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында 16 адам күдікті ретінде танылған. ІІМ хабарламасында олардың ауыр және өте ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгені жазылған. Қырғызстан заңына сәйкес, мұндай жағдайда күдікке ілінген азаматтар сот-психиатриялық сараптамадан өтуі тиіс.
7 тамызда Қырғызстанның арнайы жасағы Атамбаевтың Қой-Таштағы резиденциясында экс-президентті ұстау бойынша арнайы операция бастаған. Ол Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйінде жүргізілген болатын. Операция кезінде тараптар бір-біріне резеңке оқ атып, салдарынан арнайы жасақ өкілі қаза тапты. 45 адам ауруханаға түсті. Бірінші операция нәтижесіз аяқталған соң, 8 тамыз түстен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы екінші оперцияны бастаған. Кейіннен бұрынғы президент құқық қорғау оргнадарына өз еркімен берілді.
13 тамызда Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев бұрынғы президент оны ұстау операциясы кезінде қорғану үшін әдейі жергілікті тұрғындарды пайдаланды және мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тақты.
27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Жоғары Кеңесте құрылған арнайы комиссия экс-президент Алмазбек Атамбаевқа жемқорлыққа жол берді, қызметін асыра пайдаланды сынды пункттер бойынша бес айып тағылды.
Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев 2011-2017 жылдары Қырғызстан президенті лауазымын атқарды. Ол мерзімнен кейін өз еркімен қызметтен кеткен алғашқы басшы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді