Құқық қорғаушы белсенділер Қазақстанда тыйым салынған қозғалыстың қарсылық акциясына шығуға үндеуі кезінде "белсенділерді қорқыту мен қуғындау" басталып кетті деп мәлімдеді, Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Астана тұрғыны Ербол Есхожин 23 қазанда полицияға тергеуге шақырылып, белсенді Дулат Ағаділге қарсы қозғалған қылмыстық іске қатысты куәлік беруін талап еткен.
Ербол Есхожиннің адвокаты Ольга Эннс ол құқығын пайдаланып, куәлік беруден бас тартқанын айтты.
Азаматтық белсенді Әлия Жақыпова да 23 қазанда полицияға тергеуге шақырылған.
Қазір Facebook желісінде ұсталған азаматтар жайында ақпарат жинап, оларға құқықтық көмек көрсететін #IHaveAChoiсe #ActivistsNotExtremists тобы жұмыс істейді. Аталған топтың мәліметінше, 17- 21 қазан аралығында 11 белсендіге қысым көрсетілген. Оның ішінде 12 қазанда өткен наразылық шарасына қатысқан екі белсендіні Алматы соты 10 және жеті тәулікке қамап, тағы біреуіне 50 500 теңге (130 доллар) айыппұл салған.
Қазақстан билігінің мәліметінше, 21 қыркүйекте елде тыйым салынған, қуғындағы бұрынғы банкир Мұқтар Әблязов жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының үндеген акциясына шыққан 100 шақты адам ұсталған.
Билік ҚДТ қозғалысын заңсыз деп есептейді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр