Қазақстанда полицейлерді оқыту форматына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Тұрғымбаевтың айтуынша, оқу жүйесінде тәжірибелік сабақтарға басымдық беріледі. Бұрын офицерлік құрам үшін 3 айлық, сержанттық құрам үшін 2 айлық оқыту жүйесі болса, жаңа өзгерістерге сай кримниналистер, тергеушілер және жедел қызметкерлер үшін 6 айлық, қалғандары үшін 3 айлық оқу курстары ашылады. Сонымен қатар, «Ашық есік күндері» немесе «дөңгелек үстелдер» өткізіледі.
Министр сөзінде: «Халық кадр даярлау жүйесінде қандай өзгерістер болды және ол полиция жұмысының сапасына қалай әсер ететінін білуі керек. 20 мамырдан оқу жаңа форматта жүргізіле бастады. Заманауи интерактивтік әдістер мен оқыту нысандары кеңінен пайдаланылатын болады. Бұл тыңдаушыларға қысқа мерзім ішінде көлемді ақпаратты игеруіне мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, полицейлерді дайындау Алматы, Қарағанды және Қостанай академиялары, Ақтөбе заң институты мен Шымкент оқу орталығында жүргізіледі. Жаңа өзгерістерден кейін 6 оқу орталығы қысқартылған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі