Германияның Ішкі істер министрі Thomas De Maiziere мұсылмандар көп тұратын аймақтарда олардың діни мерекелерін аймақтық деңгейде атап өтуді ұсынды. Христиан демократиялық Одағы партиясының өкілінің ұсынысы неміс қоғамында екіжақты пікір тудырып, аталған тақырып төңірегіндегі таластар үдеді. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Өткен айда өткен федералды сайлауда жеңіске жеткен Thomas De Maiziere мұсылмандар қуана қабылдаған бастамасын елдің солтүстік-батысындағы Төменгі Саксониядағы сайлауалды кампаниясы кезінде көтерген болатын. Ол өз сөзінде: "Германияның Конституциясына сәйкес, мемлекеттің 16 штаты (аймағы) да атап өтілетін діни мерекелерді өздері таңдауға құқылы. Біз христиан дініндегі атаулы даталарды назардан тыс қалдырмаймыз. Неге мұсылмандардың да қасиетті мерекелерін тойламасқа?"- деді.
Жоғарыда аталған партияның жанынан құрылған одақтас Христиан Социалдық партиясы министрдің бұл ойын құптамады. Олар Германияны Христиан мемлекеті санайды және тарихи, дәстүрлі негіздерді ескеріп, өзге діни мерекелерді тойлауды орынсыз көреді.
Германияның Социал-Демократиялық партиясының басшысы Мартин Шульз бұл бастамаға "ойлануға тұрарлық екен" деген баға берсе, AFD партиясы түбегейлі қарсылық білдірді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?