Бүгін Қазақстанның байланыс және ақпарат қызметкерлерінің, яғни журналистердің кәсіби мерекесі. Бұл күн 1997 жылға дейін 10 мамырда атап өтілетін. Алайда кәсіби мереке кейін 28 маусымға ауыстырылады. Өйткені осы күні "Бұқаралық ақпарат құралдары" туралы алғашқы заң қабылданды. Мереке Радио, баспа, телеарна күні деген атауға ие болып, 2012 жылға дейін маусымның соңғы аптасында аталып жүрді. 2011 жылдың 20 қазанында Президент жарлығымен 28 маусым ресми түрде "Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні" болып бекітілді.
Ендеше еліміздің ақпарат және байланыс саласында жұмыс істеп жүрген барлық әріптестерімізді, журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз. Қаламдарыңыздан қасиет кетпесін. Жақсы жаңалықтың жаршысы болыңыздар. Табыс тілейміз!


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?