Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2017 жылғы 29 мамырдан 30 мамырға қараған түні Алматы қаласында кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты қорқытып алумен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ҚХР-дан контрабанда арналарын ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін құрықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Сонымен қатар, көрсетілген ҰҚҚ жетекшілерімен байланысы бар Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Б.Қасабеков тұтқындалған болатын.
Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.