Дональд Трамп ФБР басшысы Джеймс Комиді жұмысынан босатты деп хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі.
Ақ үй баспасөз қызметінің мәліметінше Дональд Трамп Джеймс Комиді АҚШ-тың бас прокуроры Джефф Сешнс пен оның орынбасыры Род Розенстинның айтулары бойынша жұмыстан босатқан.
ФБР басшысы Джеймс Коми президент сайлауы кезінде Дональд Трамптың Ресеймен қатысы болған деген күдікпен жүргізілген қылмыстық зерттеу тобының жетекшісі болған.
Бұл жайында президент сайлауында Трамптан жеңілген Хиллари Клинтон жақтастары Дональд Трамп өзінің сайлау кезінде Ресеймен байланысын жасыру мақсатында осындай қадамға барды деп мәлімдеді.
Джеймс Коми президент сайлауы кезінде Хиллари Клинтонның жеке сервері арқылы мемлекеттік құпия құжаттарды пайдаланды деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған еді. Ал Хиллари Клинтон өзінің сайлауда жеңілуіне ФБР басшысы Джеймс Коми мен Ресей хакерлерінің тікелей қатысы бар деген болатын.