Ресей-Украина қақтығысы – бұл Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастағы дағдарыстың өршуі ғана емес, сонымен қатар посткеңестік кеңістіктегі және Еуропадағы Ресей мен АҚШ арасындағы геосаяси мүдделер қақтығысының жалпы басталуы. Бұл шиеленістер казірігі таңда дипломатиялық, экономикалық, сауда және ақпараттық салада екі тараптың күш сынасуын күнен күнге әйгілеуде. Украина АҚШ және ЕО (Еуропа Одағы)ның  үздіксіз қолдауын алғаннан кейін, бұл соғыс ұзаққа созылатыны айқын болды. Осы тұрғыда Ресей Батыспен қарым-қатынаста ымыраласудан бас тартып, батыстық емес елдерді өзіне жақын тартып жаңа әлемдік тәртіп орнатуға тырысуда. Бұл Ресейдің сыртқы саясатынның мазмұны. Ресейдің мемлекеттік мүддесі мен сыртқы стратегиясына негізделсек, казіргі Украиндағы соғысты былай топшылауға болады: Бірінші, Еур-Азия құрлығындағы Геоэкономикалық мүдделік шиеленісу. Екінші, Ресейдың үлкен империялық үстанымы. Үшіншісі, АҚШ-қа қарсы гегемония туын көтеру үшін бастама көтеру. Төртінші, көп полиярлы күштердің бәсекесін және өзінің бір полиярлы күшке ие бола алмайтынын мойындамау.

Ресейдің Украинаға қарсы арнайы әскери операцияны (Путин ат берген) ( Батыс шапқыншылық деп есептейтін) бастау себептері

Біріншісі – посткеңестік кеңістіктегі және Еуропадағы Ресей мен АҚШ арасындағы геосаяси мүдде қақтығыстарының бейнеленуы: Бірінші, АҚШ-тың Еуропалық қауіпсіздікті бақылауы мен Ресейдің Еур-Азиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін құру арасындағы қайшық. Екінші, Өзінің даму жолын таңдаған посткеңестік елдері мен өзінің стратегиялық қауіпсіздік кеңістігін сақтап отырған Ресей арасындағы қайшылық. Бұл екі қайшылық Ресей мен АҚШ арасындағы Қырғый қабақтық соғыс аяқталғанан кейінгі екі тарап арасында орын алған жаңа қақтығыс белгілері. АҚШ қырғи-қабақ соғыста жеңілген Ресей, ал АҚШ – жеңімпаз деп санайды. АҚШ қырғи-қабақ соғыс жеңісін бекемдеу және ЕО өз тарапында қалдыруды қорғау үшін мақсаттар мойнына алды. Америка Құрама Штаты Варшава шартын  НАТО шартына алмастырып, Ресей әлеуетті қарсылас ретінде НАТО-дағы жетекші позициясын нығайтты және НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін қалайды. Ельциннің билігі кезінде және Путиннің билік басындағы алғашқы жылдары Ресей Батыстың экономикасының қолдауына ие болу үшін НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне көнді. Алайда, АҚШ, НАТО және Украина арасындағы өзара қатынастар күшейген сайын Ресейдің сенімсіздік сезімі күшейіп, Еуропалық кеңістіктен Украинаны оқшаулауды бірқанша рет көтерді. Екіншісі, АҚШ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы тәуелсіз республикалар өздерінің даму жолдарын еркін таңдай алады деп есептейді, бірақ Ресейдің дәстүрлі саяси ойлауы қауіпсіздік үшін Поскеңестңік кеңістік қауыпсіздігін сақтау болып табылады. 2022 жылдың басында Ресей Қазақстанға көмектесіп қаңтар бүлігін тыныштандырды, оның алдында Беларусқа көмектесіп ел ішіндегі саяси орнықсыздықты тыныштандырды. Ресей Украинаның НАТО-ға қосылу мәселесін күн тәртібіне қоюға және қауіпсіздіктің жаңа геосаяси үлгісін жасауға тырысып, посткеңестік елдерде өзінің ықпалын көрсеткісі келеді.

   Бұдан басқа қосымша шарт жағдай ретінде, Украинаның Батыс мен Шығысындағы халықтардың ұқсамаған идиялогияда болуы. Украйнаның басты өндірісі Шығысына Орналасқан энергетикалық тұтынуы Ресейден тасымалданады, ал Батысы Ауылшаруашылығы дамыған экономикалық жақтан Еуропалық Одаққа жақын, осы себептерден ел ішінде екі тарапқа бөшектенген, бір тарабы, Ресейге жақын тарап болса, екішісі ЕО ға жақын тарап, екі тараптың қақтығысы күшті болды. Сыртқы жақтан Украина Еур-Азия құрлығының байланыстарытн айрылмас бөлігі, АҚШ пен Ресейдің теке-тіресіндегі маңызды геосаяси аймақ. Бір жағынан, Путин Байденнің Америка Құрама Штаттарының Ауғанстаннан әскер шегіндіруін қадағалады, сонымен бірге Америка Құрама Штаттары өзінің сыртқы стратегиялық назарын Үнді-Тынық мұхиты аймағына ауыстыратынына сенімді болды. Маңызды бір саяси жағдай АҚШ ның Қытайды басты қарсыласы есептеуде Ресейдің Украинадағы қақтығысты Әскери әрекеттесуге алып келуне шарт-жағдай пысып жетілді.

Ресейдің әскери басып алуы (Путин ат берген арнайы әскери операциясы) ( Батыс шапқыншылық деп есептейтін) себепті сыртқы ортасының нашарлауы

Ресей-Украина әскери қақтығысы Ресей мен АҚШ және НАТО арасындағы дәстүрлі кірігуге алып келді. Ресей бүкіл Батыспен жеке-дара бетпе-бет келеді, оқшаулану - Ресей болашақта тап болатын ең айқын сыртқы орта болып табылады. Бұл қақтығыс АҚШ пен Еуропаны тағы бір рет біріктірді, Ресейлік ғалымныкң пікірінше: «Ресей тағы да Қытайдан «халықаралық зұлым» және әлемдік саяси ойындағы Батысқа қарсы рөлді тартып алды» (  Андрей. В).  НАТО-ның Еуропадағы мәртебесі көтерілді. НАТО өз функцияларын кеңейтіп, Еуропаның қайта бірігуінің дәнекері болатын еуропалық саясат, қауіпсіздік және әскери істер үшін біртұтас негіз ретінде тарих саханасына шыға бастады. Дағдарыс геосаяси және идеологиялық шекараларды біріктірді, ал Еуропаның болашағы міндетті түрде әскери саланы күшейтеді. Германия мен Франция Еуропаны жандандыру сыртқы күшке бірлікте қарсы тұруға ымыраласатын болады. АҚШ қақтығыстағы ең үлкен геосаяси жеңімпаз, АҚШ өзінің жаһандық басымдығын қорғау үшін негізінен Еуропалық операциялық жүйеге сүйенеді, Оның үстіне Германияның әскери күшеюі басқа батыс елдерінің назарынша тек АҚШ қана оны шектей алады деген көзқарас қалыптастырып, АҚШ ның орынын қайтадан бір бекемдеді. Алайда казіргі таңда АҚШ ның басты стратегиялық әскери күші Үнді-Тынық мүғитына орналасқандықтан, Украиндағы қақтығыста күштің салмағы жақын жатқан Еуропалық Одаққа түсетіні айқын.

Қақтығыстан кейінгі Ресей сыртқы ортасы

  Ресей-Украина әскери қақтығысы басталғаннан кейін Ресей халықаралық деңгейде оқшауланды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресейдің арнайы әскери әрекеттерін айыптау үшін кезектен тыс төтенше отырыстар ұйымдастырды, 141 ел жақтап дауыс берсе, тек 5 ел қарсы болса, қалған 35 ел қалыс қалуды жөн көрді, артынша БҰҰ Ресейдің БҰҰ Адам құқықтары кеңесіндегі мүшелігін тоқтатты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің көпшілігі Ресейді тікелей қолдамай, қақтығыс басталғаннан кейін Донецк пен Луганскінің тәуелсіздігінде тікелей мойындайтын ақпарттар бермеді, дегенмен, Украинаның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтындарын анық білдірді.

  Кейінгі халықаралық ортада, Ресей санкцияларға қарсы табанды түрде күресіп, дос емес елдерді тізімге алды. Қақтығыс басталғаннан кейін Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Ресейге қарсы қатаң санкцияларды қабылдады және Ресей арандатқан соғысқа экономикалық соғысты бастау арқылы жауап берді. Ресей осы түста Ресейге дос емес елдер тізімін жасады (РИА. Новсти). Нақты қарсы шаралар мыналар болып табылады: барлық Ресейлік компаниялар достықсыз елдердің компанияларымен транзакциялар жасағанда Федералдық кеңестен рұқсат алуы керек. Егер патент иесі достықсыз елден немесе аймақтан болса, Ресей патентті рұқсатсыз пайдаланғаны үшін өтемақы төлеуге қажетті емес. Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі достықсыз елдерге ағаш материялдарын экспорттауға тимсалды. Ресей Еуроодақ мүшелеріне және басқа да дос емес елдер мен аймақтарға табиғи газ жеткізген кезде рубльмен есеп айырысуға көшеді. Ресейдің орталық банкі дос емес елдерге ірі ақша аударымдарын шектейді. Ресейдегі досемес елдердің дипломатиялық өкілдіктерімен және консулдық мекемелерімен еңбек шартына қол қойған адамдар санын шектеу.

Украина дағдарысы ушыға бастағаннан бері Ресей президенті Владимир Путиннің Орталық Азия мен Таяу Шығысқа сапары назар аударарлықтай көбейді, бұл Батыс пен АҚШ тың Ресейді оқшулауына қарсы әрекетіғана емес, ол сонымен қатар Ресейдің қақтығыстан кейінгі кезеңдегі стратегиялық басымдықтарын белгілеуді көздейді. 28-30 маусым аралығында президент Путин Орталық Азиядағы Тәжікстанда болып, Каспий жағалауындағы мемлекет басшыларының саммитіне қатысты (Catherine Putz). Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кездесуі оның Ресейшіл елдерді біріктіруге үміттенетінін көрсетті. Ауғанстандағы жағдай мен қауіпсіздік мәселелері бойынша Орталық Азия елдерімен ынтымақтасу, шекара қауіпсіздігі мәселелері бойынша ең тығыз ынтымақтастық орнатуды көздеді. 19 шілдеде Путин Иранға барды, бұл сапар АҚШ президенті Джо Байденнің Израиль мен Саударабиясына сапарынан кейін ғана жоспарланғандықтан және Түркия НАТО-ның мүшесі болғандықтан, Путиннің Таяу Шығысқа сапары Байденнің Таяу Шығыс сапарын әдейі әлсірету болып саналады.: Бұл Батыстың Ресейді оқшаулауына қарсы тұру үшін және Түркия мен Иранды өзіне тарту болып табылады. Ресей сонымен бірге Шығыс елдерінеде ықпалын кеңейтуге тырысып көрді. Солтүстік Кореямен қарым-қатынасты жақсарту үшін, Үндістанды және ҰҚШҰ, ШЫҰ, БРИКС және АСЕАН елдерін өзіне жақын тартты. 13 шілдеде Солтүстік Корея Украинаның шығысындағы екі «республиканың» тәуелсіздігін мойындап, Ресеймен қарым-қатынасын нығайтты және Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең жоғары деңгейге жетті (Philippe Mesmer). Ресейге келетін болсақ, Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас жақсарды, Солтүстік-Шығыс Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін қоздырды. Солтүстік Кореяның АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастағы салмағын арттырды. Сонымен бірге, Ресей Қытай елімен де қатынастарын барынша дамытты. Осы жылы жаңажылдан бері бірқанша рет кездесулер өткізді.

Қортынды

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс ерте ме, кеш пе аяқталады, алайда, Ресейдің стратегиялық мәдениетінің элементтері, соның ішінде Ресейдің ұлы империялық көзқарасы мен геосаяси ықпалға ұмтылу туралы дәстүрлі түсініктер Ресей билеушілерінің санасында аяқталмауы мұмкін, оның үстіне бұл ұғымдар дәстүрлі мәдениет ретінде «орыс идиялогиясы» да терең ойып тұрып орын алған. Мұндай концепция Ресейге әскери және саяси шараларды қолданып Ресейді негіз еткен аймақтық тәртіпті қалыптастыруға ұмтылдырады, бұл сондай-ақ Ресей мен Батыстың құндылықтарын бірте-бірте алшақтатуға мәжбүр етеді. Ресей дәстүрлі құндылықтар мен қауіпсіздік мүдделерін ұлттық дамудың басты мақсаты емес, ұлттық дамудың бөлігі, ал экономикалық дамуды басты мақсат еткен кезде, Ресейдің дәстүрлі көзқарасында өзгеріс болуы мұмкін, алайда бұлай болу ықтималдығы өте аз. Ресей-Украина әскери қақтығысына дейін Ресей Қытай, Үндістан, АСЕАН, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы және басқа Азия-Тынық мұхиты елдерімен және халықаралық ұйымдармен стратегиялық серіктестік орнаттты. Ресей Таяу Шығыс елдері Түркия және Иранмен күрделі қатынаста, бірақ Африка және Латын Америкасы елдерімен маңызды серіктестік қатынастар қалыптастыруға тырысуда, бұл Ресейдің сыртқы стратегиясын түзетудің жаңа бағыты және бұл Ресейдің батыс елдерімен қарым-қатынасының нашарлауынан қорғау үшін батыстық емес елдермен қарым-қатынасты дамытуының нәтижесі. Орыс ғалымы (ДМИТРИЙ ТРЕНИН) айтқандай: «Қандай жағдайда болсын интеллектуалдық және ғылыми тұрғыдан әлемнен оқшауланбауымыз керек (бұл кеңестік дәуірде солай болған), әйтпесе өзімізді тани алмаймыз, Африка елдері, араб әлемі, Азия мен Латын Америкасының барлық елдерімен қарым-қатынастар орнатуымыз керек!» деп салды. Бұл Ресейдің казіргі сыртқы қатынастарындағы жай-күйін толық түсіндіреді.

Әдебиеттер тізімі

Андрей В. Время дипломатии прошло? Семь особенностей наступающей эпохи.   https://russiancouncil.ru/analytics-and-comments/analytics/vremya-diplomatii-proshlo-sem-osobennostey-nastupayushchey-epokhi/

РИА. Новсти. https://ria.ru/20220722/nedruzhestvennye_strany-1804332755.html

Catherine Putz. Russia’s Putin Makes First Trip Abroad Since Invasion, to Tajikistan and Turkmenistan. https://thediplomat.com/2022/06/russias-putin-makes-first-trip-abroad-since-invasion-to-tajikistan-and-turkmenistan/

Philippe Mesmer. North Korea recognizes independence of pro-Russian territories in eastern Ukraine. https://www.lemonde.fr/en/international/article/2022/07/19/north-korea-recognizes-independence-of-pro-russian-territories-in-eastern-ukraine_5990644_4.html

ДМИТРИЙ ТРЕНИН. Политика и обстоятельства. Способны ли мы сохранить страну и развивать её дальше. https://globalaffairs.ru/articles/politika-i-obstoyatelstva/

 

 The Qazaq Times