АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Шығыс Азияның бірнеше еліне баруды жоспарлаған. Бүгін Пелоси Сингапур астанасында ел президенті Халима Якобтың қабылдауында болып одан соң Премьер-Министрімен және сыртқы істер министірімен кездесті. Алда Малайзия, Оңтүстік Корея және Жапонияға сапарлайтыны айтылған. Сонымен бірге Сарапшылардың пікірінше АҚШ лауазымдысы Қытайдың гео саясатындағы ең бір жанды жеріне айналған Тайваньға да баруы мүмкін.
Алайда, ол туралы ресми ақпарат жоқ. Тайваньға соңғы рет 1997 жылы республикашыл Ньют Гингрич келген соң кейінгі 25 жылда АҚШ-тың бірде-бір жоғары лауазымды шенеунігі бармаған.
Қытай билігі Тайванның дербестігінен үзілді-кесілде бас тартады. Сыртпен қарым-қанастың барлығында осы мәселеге баса мән береді. Тайваньды өзінің бір провинциясы ретінде қарастырады және оны басқа елдіңде мойындауын талап етеді. Ал бұғаздағы ел өздерінің дербестігін үнемі айтып келеді. Бұны АҚШ бастаған бір қатар демократиалы елдерде қолдайды. Осы себепті де Қытай билігі Тайван Қытай билігін мойындамаса болашақта күш қолданатынын айтып күш көрсетуге дайын екендігін жасырмайды.
Пелоси ханым твиттерде алты адамнан тұратын делегациясының сапары "Американың аймақтағы одақтастарымыз бен достарымызға деген мызғымас адалдығын көрсетеді " деп жазды. Оның кеңсесі жексенбі күнгі мәлімдемесінде бұл сапар «Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы өзара қауіпсіздік, экономикалық серіктестік және демократиялық басқаруға бағытталған» дейді. АҚШ-тың Тайваньмен емес, Қытаймен ресми дипломатиялық байланысы болғандықтан, Нэнси ханымның делегациясы Тайванға барса, АҚШ пен Қытай қарым-қатынасына сызат түсуі мүмкін. Пелоси ханым ұзақ уақыт бойы Қытай билігін сынап келеді, Қытайда адам құқықтарының жиі бұзылатындығымен айыптайды. Ол бұрын демократияны жақтайтын диссиденттермен кездесіп, 1989 жылғы қырғын құрбандарын еске алу үшін Тян-анмын алаңында болған. Осыдан біраз бұрын ол «Тайваньға қолдау көрсету біз үшін маңызды» деген болатын. Нэнси Пелоси ханыммен бірлікте Өкілдер палатасының жетекші мүшелері: Григорий Микс, Марк Такано, Сюзан ДелБене, Раджа Кришнамоорти және Энди Ким болады. Олардың келіссөздері сауда, климаттық дағдарыс және адам құқықтары мәселелерін қамтиды деп күтілуде.
Алда әлемнің алпауыт екі елінің арасында соғыс отын тұтандырып жіберуі мүмкін саналатын спикер Нэнси Пелосидың Тайванға сапарының болу болмауын әлемдік ақпарат төрт көзімен күтіп отыр.