Ауғанстан билігін алғанына бірнеше ғана ай болған «Талибан» ұйымы елде әйелдерге қарата жаңа шектеу ережелерін жария етті. Онда әйелдердің теле-сериалдарға түсуіне тыйым салынған және эфирге шығатын журналист немесе теле-жүргізуші әйелдерге орамал тағу міндеттелді.
Тәліптер тамыз айында Ауғанстан билігін басып алғанда көптеген сарапшылар исламшыл ұйым біртіндеп елде қатаң ислами ережелер орнатады деп болжаған. Халықаралық қауымдастық пен әлем елдерінің ресми билік деп мойындауы үшін тәліптер 1990 жылдардағыдай қатаң діни ережелерді орнатпаймыз деген де мәлімдемелер жасалды.
Алайда, сыншылардың пікірінше, әйелдерге қаратқан кезекті шектеу ережелері анық көрсетілмегендіктен оларды түрлі жағынан жорамалдауға болады. Айталық, эфирге шыққан журналис әйелдер орамалдың қай түрін тағу керектігі көрсетілмеген.
«Талибан» жариялаған Ауғанстандағы телевизия саласына қатысты жаңа еже сегіз тармақты қамтиды. Онда шариғатқа және ауған құндылығына сай емес фильмдерге шектеу қойылатыны көрсетілген. Әйелдерді теле-сериалдарға түсіруге шектеу қоюмен қатар ерлердің интимдік дене мүшелері көрсетілетін фильмдерге де шектеу бар. Дінге сай келмейтін, сондай-ақ ауғандарды кемсіткен сыңайлы комедия немесе өзге де көңіл ашу бағдарламаларына шектеу қойылады. Бұларға қоса шетелдік құндылықтарды насихаттайтын фильмдер көрсетілмеуі керек дейтін көне ережелері де бар.
Ауғанстандағы журнлистер одағы жаңа ереженің жариялануы күтпеген шешім болғанын айтуда. Қазірге дейін елдегі әйел құқығын дамыту мақсатында телеканалдар әйелдердің бостандығы мен теңдігін насихаттайтын шетелдік телесериалдарды таратып келген.
Кейбір ауған журнлистері жаңа ережелердің кейбірін атқару мүлде қисынға келмейтінін, егер оны күштеп атқарса телеарналардың жабылуына алып келетінін айтқан.
Әйелдердің құқығын шектеуге қатысты бұған дейін де бірқатар ережелер жарияланған болатын. Онда мектеп жасындағы қыздар мен әйелдердің мектепте білім алуына және жұмыс істеуіне шектеу кіргізілген. Егер үйіндег жұмыс істеуге жарамды ер адам болған жағдайда әйелдердің үйде отыруын да міндеттеген еді. Осылайша Ауғанстан азаматтарының тең жартысына білім алуды шектеген әлемдегі жағлғыз мемлекет болған еді.