Шілденің соңында Қытай гипер-дыбыстық зымыран сынағын сәтті өткізіп, өзінің зымыран қуатының артқанын әйгіледі. Қытайдың бұл қадамы АҚШ-тың қауіпсіздік күштерін қатты алаңдатып отыр. Тіпті кейбір қауіпсіздік сарапшылары Қытайдың зымыран сынағы өткен ғасыр ортасында Кеңес одағының Sputnik I жасанды серігін ұшыруымен салыстыра айтады. Алайда, бір күн бұрын мәлімдеме жасаған Пентагонның бұл бағалауға келіспейтінін айтты.
АҚШ қорғаныс министрі Остин сөзінде Қытайдың әскери қуатының артуы Құрама Штат әскери қуатын дамытуға деген «сигнал» деген пікірін білдірді. «Бірақ, АҚШ гипер-дыбыстық зымыран секілді арнайы мүмкіндіктерге емес, «жалпы күшті қуатқа» көбірек көңіл бөледі», – деді.
Неге АҚШ Қытайдың гипер-дыбыстық зымыранынан алаңдайды? Себебі, бұл зымыран түрі дыбыс жылдамдығынан бес есе тез ұшады да, оны зымыран қорғаныс жүйелері арқылы ұстау немесе радардан тауып алу қиынға түседі. Гипер-дыбыстық зымыранға ие болуы Қытайдың Жер шарының кез-келген нүктесіне ұшып жететін қаруға ие болғанын айқындайды.
Алайда, Financial Times басылымының осы аптадағы хабарында көрсеткендей сынақ кезінде Қытайдың аталмыш зымыраны нысанадан бірнеше шақырымдай ауытқу көрсеткен.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?