Кеше, 21 қазан бейсенбі күні 40-тан астам мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымында мәлімдеме жасап, Қытайдың Шыңжаңдағы аз санды мұсылман ұлттарына жасаған қысымы туралы алаңдаушылық білдірді. Бұл рет мәлімдеме жасаған елдердің қатарында Түркия да бар.
Халықаралық қауымдастықта 43 елдің бірлескен мәлімдемесінде Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге де этникалық азшылықтарға бағытталған «ауқымды бақылау шараларына», «діни және этникалық азшылықтарды нысана ете отырып ұжымдық жаныштау әрекеттеріне» байланысты алаңдаушылық білдірілген.
43 атынан жасаған мәлімдемесінде Францияның БҰҰ-дағы арнайы өкілі Николас де Ривьер Шыңжаңда «Адам құқығының жалпы және жүйелі түрде бұзылуы, қинау-азаптау әрекеттері, мәжбүрлі еңбек, жыныстық зорлық-зомбылық және балаларды ата-анасынан мәжбүрлі бөлу істері бар» деп көрсетті.
Бірлескен мәлімдемеге қол қойған елдер БҰҰ адам құқығы жөнінде арнайы комиссияның Шыжаңға баруын және оған Бейжің билігінің рұқсат беруін талап еткен.
Бірқатар Батыс елдері бастап Бейжіңнің Шыжаңдағы жүргізіп жатқан саясатын айыптау ісіне қосылған елдердің саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл қатардан Түркияның көрінуі де үлкен мән берерлік тақырып. Түркиямен қатар Африкадан да бірнеше мемлекет бірлескен мәлімдемеге қосылған. Алайда, Қытаймен тығыз байланысы бар Сауд Арабия, Пәкістан секілді мұсылман елдері Шыжаңдағы мұсылман азшылықтарының қысымға ұшырауы туралы «ләм» деп аузын ашпай отыр.
Қытайдың БҰҰ-дағы ресми өкілді бірлескен мәлімдемені «дәлелсіз жасалған» деп айыптаған, әрі Шыңжаңдағы этникалық азшылық өкілдерінің саяси қысымға алынғаны туралы айыптауды жоққа шығарды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер