Аңдатпа: Орталық Азия елдері экономикасы Кеңес Одағы дәуірінде  бір ізді болды және барлық Мәскеу тәуелді болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аймақта түрлі экономикалық бастамалар көтерілді. Бүгінгі таңда аймақта ықпалды ойыншы Ресейдің экономикалық мүддесі үстем оның негізі ЕЭО-ның экономикалық кеңістігі. Аймақта жақындасушы екінші ойыншы Қытай аймақта 2013 жылдан бері жібек жолы бастамасын алға ілгерлетіп келеді. Сонымен қатар, сарапшылар соңғы кезде АҚШ-ның Орталық Азияға қайталай экономикалық стратегиясымен қайта оралуы мүмкін деген көзқараста. Аймақ елдерінде 4 елдің түркі тілдес болуы және түркі тілдес елдердің кеңесінің экономикалық ынтымақтастыққа көтерілуі мүмкін деген көзқарастар жиі айтылады. Осы бастамалар аясында Орталық Азия елдерінің тиімді экономикасын дамыту моделін қалыптастыру ұзақ уақыттық интеграциялық байланыстардан кейін Орталық Азия елдерінің ішкі шиеленістерін шешуге қол жеткізгеннен кейін іске асырылуы жөнінде отандық сарапшылар жиі айтуда. Бұл шығармада осы бастамалар арасындағы бәсекелестік баяндалып, шиеленіс тудыратын мәселелер айтылады.

Орталық Азия. Фото: Indian Defence Review

Орталық Азия - әлемдегі саяси және экономикалық бастамалар түйіліскен аймақ, түрлі «Жібек жолы» бастамаларының басып өтетін орталығы. Соңғы жылдардан бері сыртқы күштер аймаққа барынша назар аударуда. Орталық Азияның энергетикалық ресурстары және тәбиғи байлығы оның маңындағы Еуропа мен Азия континентіндегі көршілері жөнінен аса маңызды. Қытай Тынық мұқит жағалауындағы АҚШ-мен шиеленісте, Солтүстік батыс аймақтың геосаяси қауіпсіздігі үшін Орталық Азия аймағында басқа күштердің ықпыл етуін қаламайды[1]. Ал аймақтағы белді ойыншы Ресей болса Орталық Азия аймағын өзінің тарихи экономикалық ықпылды аймағы деп есептейді[2]. Түркия аймақта ортақ түркі тарихи құндылықтарын барынша қастарлейді[3]. Орталық Азияның Исламдық діни дәстүрі Орта Шығыс пен басқа Ислам елдерімен байланысын сақтайды. Сонымен қатар, НАТО аймақты Ауғанстанда өрістетіп отырған іс-қимылдарының транзиттік көлік тасымалының стратегиялық орталығы деп есептейді [4].

Орталық Азия Европа мен Азия континентерінің арасын байланыстыратын құрлық көпірі болуы себебінен әлемдегі күшті елдердің назарындағы геосаяси сипатқа ие аймаққа айналды. Орталық Азиядағы бес ел географиялық жақтан теңізге шыға алмайтын ішкі құрлықтық аймақ болуына байланысты да экономикалық дамуда аймақ елдерінің маңындағы елдер мен экономикалық ынтымақтастық орнатуды барынша қажет етеді. Осы себепті де аймақта аймақтық экономикалық интеграция әлде аймақтық экономикалық ынтымақтастық тиімді бола ма жоқ па деген сұрақты аймақтағы зерттеушілер осы күнге дейін талқылап келеді. Аймақта соңғы он жылда ықпалды ойыншылардың аймақтық экономикалық ынтымақтастық бастамалары арасындағы бәсекелестік барынша күшейді. Жаһандану процессі барынша тездеген қазіргі әлемдік саясатта экономиканың жаһандануы мемелекеттер мен аймақтар арасындағы экономикалық байланыстың тереңдеуы, әлемдегі алпауыт елдердің арасында маңындағы жақын жатқан аймақтарда экономикалық ынтымақтастық келісім шарттар негізінде мүддесін жүзеге асыратын жаңа бәсекелік ойын форматы төңірегінде бақталастық күшейді.

Кеңес одағы дәуірінде Орталық Азияның экономикасы түгелдей Кеңес одағының басқаруында болды. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азия үшін Қытай, Оңтүстік Азия, Еуропа және Орта шығыс нарқына шығу және Еуразияның орталығы ретінде маңындағы аймақтарды байланыстыратын мүмкіндіктері болды. Алайда, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азия аймағындағы елдер өнеркәсіптің бірізділігі және өңдеу мәнерлеу өнеркәсіптері артта қалған күйде болуына байланысты экономикалық дамуы қиын күйде болды. Аймақтағы бес елдің арасындағы экономикалық байланыстарда аз болды. Дегенмен, аймақта жаңа ойыншының пайда болуы маңындағы ықпалды ойыншы Ресей мен Қытайдың мүддесіне тиімсіз болар еді. Сонымен бірге, аймақтағы елдердің Ресей елімен тарихи байланысы, Қазақстан сяқты елдердің демографиялық бір ізді болмауы және географиялық орналасу мен қауіпсіздік факторы аймақ елдерінің экономикалық ынтымақтастық бағытында Ресейдің орыны үстем болды.

Экономикалық бастамалардың бәсекелестігі

1995 жылы үш посткеңестік мемлекет  Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасында тарифсіз сауда туралы келісім жасалды және оған 1998 жылы Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттері қосылды. 2000 жыл бес мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қауымдастығын (ЕурАзЭҚ) құрды[5]. ЕЭҚ - бұл келісімшартқа негізделген ұйым, сонымен қатар тек аймақтық мүшелері бар, бірақ аймақтық интеграция оның негізгі функционалдық бағыттары ретінде сауда мен инфрақұрылыммен (көлік, су және энергетика) басты назарда болады. Бұл ұйымның Инфрақұрылымға инвестицияларды қолдау үшін өзіндік бюджеттік ресурстар болмады[6]. Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыста транзиттік көлік жолы және инфрақұрлымдық қолдау көрсету сауда саттықты аймақта ұтымды дамытуда басты шарттардың бірі. Аймақтағы елдердің өнеркәсібін дамыту жақтарында технологиялық қолдауды қажет етеді. ЕЭҚ бұл дамудың алғы шарттарын қамдай алмады. Аймақта энергетика және табиғи ресурстар мен шикізаттарды импорттауда Ресейдің мүддесінің басым болуы Қытайдың мүддесін ескеруді талап етті және Таяу шығыстағы діни экстремистік идиологияның аймақ елдеріне әсер етуі, Қытайдың Солтүстік батыс өңірлерінің геосаяси қауіпсіздігі сынды факторлардың себеп болуы негізінде  2001 жылы Қытай бес елмен және белді ойыншы Ресей елін қамтыған Шанғай Ынтымақтастық Ұйымын (ШҰЫ) құрды[7]. Ұйымның басты мақсаты Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігі, заңсыз трансшекаралық есірткі тасымалы және терроризім, сонымен бірге аймақтың экономикалық даму мен ынтымақтастықта басты бағыттарының бірі болды. Алайда, ШЫҰ бүгінгі күнге дейін экономикалық ынтымақтастықты деңгейіне жеткізе алмалды. Аймақтық экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан айтарлықтай белсенділік білдірді. Басты себебі, ұйымдағы екі белді ел-Ресей мен Қытай аймақтағы экономикалық мүдде үшін бәсекелес болып саналады. Энергетика және сауда-саттық саласында Ресей Қытайдың аймақтағы ықпалының артуын қаламайды[8]. Осы себептерден де, Орталық Азияның экономикалық ынтымақтатық негізінде жүзеге асыруы ШҰЫ-ның бастамасы мен жүзеге асуы мүмкін болмады.

1997ж. бастап Азия Даму Банкінің (АДБ) бастамасымен жоспарланып, нақты 2002 жылдан бастап нақты Орталық Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық Бағдарламасы (ОААЭЫ,CAREC) іске асырылды[8]. ОААЭЫ-нің қазіргі мүшелігі 10 елден және алты көпжақты институттан тұрады, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Моңғолия, Түркменстан және Пәкістан. Алты көпжақты институттар: АДБ, Дүниежүзілік банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі (қысқаша ИДБ).

ОААЭЫ ұйымы Орталық Азия аймағында мақсаттар белгілеп, АДБ-ның платформалық рөл атқаруы аймақтың экономикалық дамуында және мүше елдердің арасындағы байланыстарды АДБ-ның үшінші жақ ретінде байланыстыруы Орталық Азия аймағындағы жаңа форматтағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық формасы деп айтуға болады. ОААЭЫ алғашқы құрылған сәтінен қазіргі уақытқа дейін түрлі жобаларды жүзеге асыруға 39 миллиард [9] АҚШ долларын инвестицияға салды. Әр елдің үкіметі, көпжақты ұйымдар мен әріптестер қаржылай және технологиялық көмектер көрсетті. Транспорттық салада, көлік және сауданы жеңілдету стратегиясы (TTFS 2020) 6 көлік дәлізін жоспарлады: Еуропа - Шығыс Азия дәлізі, Еуропа - Жерорта теңізі-Шығыс Азия дәлізі, Ресей Федерациясы - Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия дәлізі, Ресей Федерациясы - Шығыс Азия дәлізі, Шығыс Азия – Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия дәлізі, Еуропа - Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия дәлізі, барлық алты көлік дәліздерін халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартуға инвестициялық жоспар ұсынды. 2020 стратегиясы бойынша 2017 жылы ОААЭЫ дәлізінің 7800 км және салынған 1800 км теміржол жолының құрлысына қол жеткізді[10]. ОААЭЫ аймақта бес ел арасында интеграцияны жүзеге асыруда жемісті жұмыстар жасады.

Алайда аймақтағы ықпалды ойыншы Ресейдің мүддесі ескерілмеді, Ресей 2006 жылы ОААЭЫ-на ресми түрде шақырылды және министрлер конференциясына бақылаушы ретінде өз делегациясын жіберді, бірақ бұл шақыруға ешқашан ресми түрде жауап бермеді[11]. Ресейдің ұйымға Мүше болмауы және Қытайдың ұйымға мүше болуы Ресейдің кейінгі кезде ЕЭҚ-ны ЕЭО деңгейін көтеру туралы бастама көтеруінің екінші бір қыры деп айтуға болады. Қытай елі ОААЭЫ-ға мүше ел болғаны мен оның ұйымда өзінің көздеген мүддесіне жете алмады. Қытай зерттеушілері ОААЭЫ-ның басты ұйымдастырушысы және қаржыландырушысы болуына күмән-күдікпен қарайды. АДБ-да акциялардың үлесіне негізделген дауыс беруді авторизациялау жүйесі, Америка Құрама Штаттары мен Жапония - АДБ-ның акционерлер үлесі бойынша ең көп елдері, Қытай - екінші, ал басқа мүше мемлекеттерде дауыс беру құқығы аз болуын Қытай елінің зеріттеушілері зеріттеуінде айтып кетті[12]. Аймақтағы ықпалды ойыншы Ресей мен Қытай 2013 және 2014 жылдары жаңа бастама көтерді. Олардың өз көздеген мүдделері бар және аймаққа басқа батыс елдерінің ықпал етуін қаламайды.

2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы бастама көтерді[13]. Сол жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымы басшыларының жиналысында «ХХІ теңіз жібек жолы» бастамасын ұсынды және осы екі ұсынытсы бірлестіріп «Бір белдеу бір жол» деп атады[14]. Аймақтағы ықпалды ойынша Ресей Қытайдың жаңа бастама көтеруінен кейін келесі 2014 жылы Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы ұсынысын көтерді, 2015 жылы Орталық Азия елдері мен Еуразиялық Экономикалық Одақ келісімін нақты жүзеге асырды. Қытайдың «Бір белдеу бір жол» ұсынысы жөнінде Ресей ақпарат құралдары мен зерттеушілері назар аударып, жоба жөнінде өздерінің түрліше ойларын білдірді. Қытай елі үкіметі Ресей елінің ұсынысқа белсенді қатынасқа шақырды, 2015 жылы май айында Ресей және Қытай екі елі «Еуразиялық Экономикалық Одақ және Бір белдеу - бір жол ынтымақтастық пен селбестік» келісіміне қол қойды[15]. Аймақта ықпалды ойыншы Ресейдің экономикалық ықпалы әлі де басым орында. Қытайдың «Жібек жолы» экономикалық жобасының жүзеге асуы Ресейдің мүддесіне қарама-қайшы келмеген жағдайда ғана жүзеге асатыны белгілі.

Аймақта ықпалды ойыншы Ресейдің аймаққа үстемдігі басым, Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» ұсынысы аясында жобаларды жүзеге асыруы натижелерін көрсете бастады. Энергетика саласында 2017 жылы Қытай-Қазақстан табиғи газ құбырының екінші кезеңі аяқталды. Құрлыс толық аяқталған соң Қазақстанның батысындағы табиғи газ байлығы мен оңтүстігінің құбыр жолы өзара жалғасады. Сонымен бірге, Қытай мен Орталық Азия арасында табиғи газ ресурстарын берудің екінші арнасын ашты. Статистикаға сәйкес, Қазақстан Қытайға жылына 5 миллиард текше метр табиғи газ экспорттайды, ал жалпы кірісі 1 миллиард долларға жетеді. Тек China national petroleum corporation-ның Қазақстандағы акциялар жобасы Қазақстан үкіметіне 10 миллиард доллар көлемінде, бұл 30000-ден астам сапалы жұмыс орындарын құрып, көптеген кәсіби және техникалық жұмыспен қамтамасыз етеді.  Қытай мен Қазақстандағы табиғи газ құбырлары арқылы Қытайға 185 миллиард текше метр табиғи газ жеткізілді[16].

«Бір белдеу - Бір жол» бастамасы аясында екі ел 5 шекара өткелін ашты, мұнай мен газдың трансшекаралық тасымалдау құбыры құрлысынан 5 дана құбыр жобасы жоспарланып аяқтады, «Қорғас-Доңдаемун» арнайы экономикалық аймағының құрлық  портын ашты. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолы және 6 теміржол мен 11 тасжол шекара өткелден өтті. Қазірге дейін Қазақстандағы алғашқы электролиттік алюминий зауыты, алғашқы ірі гидроэлектростанция, Шымкент МӨЗ қатарлы жобалар жүзеге асырылып, Қытай мен Қазақстан өнеркәсіптік, құрылыс, ет және тамақ өнімдерін өңдеуді қамтитын екіжақты ынтымақтастықтың 55 инвестициялық жобасын жүзеге асыруды жоспарланды[17].

Қытайдың аймаққа барынша жақындауы АҚШ назарында болатыны анық. Қазіргі таңда сарапшылар АҚШ-ның Орталық Азия жоспарында кейінгі күн тәртібінде экономикалық бағыты басым алуы мүмкін деген болжамдарын топшылауда. Оған негіз «Америка Құрама Штаттарының Орталық Азияға арналған стратегиясы 2019-2025: егемендік пен экономикалық өркендеуді ілгерілету» жоспарында АҚШ нақты экономикалық дамытуды негіз ететіндігін атап көрсеткен[18].

Қытайдың теңіз және құрлық экономикалық дәлізі жобасы. Фото: Geopolitics News

Аймақта Ресей, Қытай және АҚШ нан басқа Түркия елінің ықпалыда артып келеді. 1993 жылы Түркия Республикасы, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері бірлесіп Халықаралық түркі мәдениеті ұйымын ТҮРКСОЙ ды құрды[19]. ТҮРКСОЙ-дың негізін қалаушы мемлекеттерден басқа да түркі тілдес мұшелері болды. ТҮРКСОЙ-дан басқа, 2009 жылдың 3 қазанында төрт мемлекеттің басшылары, атап айтқанда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия түркі тілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл Түркі кеңесі (Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі) және оған қатысты институттарды белгіледі[19]. Бірқанша реткі кездесуде елбасы ұйымды ынтымақтастық деңгейге көтеруді ұсынған, 2021 жылғы 31 науырызда өткен кеңестің онлайн бейресми саммитінде Қазақстан президенті Түркістан өңірінде түркі елдерінің бірлескен «Арнайы экономикалық аймағын» құруды ұсынды[20]. Аймақтағы демографиялық және географиялық орны жағынанда түркі тілдес елдерге жақын Оңтүстік Қазақстан өңірінде экономикалық аймағын құру бастамасы аймақта Түркияның да экономикалық мүддесінің өзіндік орынын көрсетті.

Шиеленіс тудыратын мәселелер

Аймақтағы экономикалық бастамалардың бәсекелестігі мүдделік бақталастығы аймақта ықпалды ойыншы Ресейді де уайымдататыны анық. Аймақ елдеріде осы ойыншылардың төңірігінде тиімді экономикалық жоспарларды іздейтіні де белгілі. Осы экономикалық бастамалардың бәсекелестігі кейінгі күн тәртібінде кейбір шиеленіс тудыратын мәселелерге алып келуі мүмкін. Оларды қарастырсақ:

  1. Аймақтағы әлсіз институционалды ұйымдардың Орталық Азия елдерінің интеграциясы күн тәртібіндегі кей мүше елдердің соның ішінде ұйымдағы белді елдердің  эмоциясына әсер ететін территория және су ресурсы мәселелерін шеше алмауы кейінгі кезде аймақ елдерінің аймақтық қауіпсіздікте әлсіз тұсына айналуы мүмкін[11, 111Б].
  2. Түркі кеңесін аймақтық экономикалық ынтымақтастық деңгейге көтеру немесе Орталық Азиядағы 4 түркі тілдес елдің экономикалық тиімді жобалардан игіліктенуі, аймақтағы бесінші ел Тәжікстанның аймақтағы ықпалды ойыншы Ресейге және Қытайға жақындасуы мүмкін, бұл аймақта елдер арасында шиеленіске алып келеді.
  3. Аймақтағы Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық шеңберінде аймақтағы Қазақстан, Қырғызстан елдері алпауыт елдер арасындағы экономикалық санкциясының әсеріне ұшырауы мүмкін бұл экономикалық қиыншылыққа алып келеді.
  4. Экономикалық бастамалардағы өндірістік факторлар жұмыс күші, капитал, өнеркәсіп негізіндегі келісім-шарттар негізінде жасалған келісім- шарттар, Орталық Азия елдерінің ішкі өндірістің дамуына ықпал етіп, ішкі нарықты шетел өнеркәсіптеріне тәуелді етуі мүмкін.
  5. Экономикалық келісім-шарттардағы жұмыс күшінің еркін қозғалысы аймақтағы демографиясы бірізді емес елдерде қауіп-қатерін ескерген жөн.
  6. Көптеген экономикалық бастамалардың аймақ елдерімен келісім жасасуы, кейінгі экономикалық сауда саттық байланысында осы келісім-шарттар арасындағы байланысты сақтап тұру Орталық Азия елдеріне саяси шешім жасауда қиыншылықтар алып келуі мүмкін.

Қортынды

Орталық Азия Еуразия континентінің жүрегінде орналасқан. Әлемдегі белді елдердің стратегиялық аймағы. Аймақтағы табиғи ресурстардың көп болуы және орналасқан географиялық ерекшелігі экономикалық бастамалардың бақталастық орталығына айналды. Алпауыт елдердің аймақта өздерінің мүддесін көздеген эокономикалық ынтымақтастық бастамалары бар. Осы бастамаларды тиімді пайдалану аймақ елдері үшін олардың динамикасын бақылап отыруды қажет етеді. Жоғарыда атап өткендей экономикалық бастамалар, келісім-шарттар кей шиеленіс тудыратын мәселелерді де алып келеді. Орталық Азия аймағында ішкі мәселерді шешім табуы және сыртқы бастамалар арасында байланысты сақтап тұру аса маңызды саяси тұрғыдан бақылап сараптауды қажет етеді.

Әдебиеттер тізімі

  1. Vasiliev L.E, The policy of world powers in Central Asia and its impact on the prospects for the development of the SCO // scientific project "Priorities of Russia's policy in the field of ensuring stability and security in the Central Asian region and period and more distant future ”, No. 09, 2009, pp. 11.
  2. 赵雅婷,《”一带一路”背景下中国战略支点的选择——以中国同哈萨克斯坦的战略合作为例》[J],新疆社会科学,2015(6);75-80。
  3. А.Р. Әліпбаев, Орталық азия елдері мен түркия арасындағы қарым-қатынастар: мәселелері мен болашағы // ҚазҰУ Хабаршысы. Алматы.2009ж. интернет ресурсы: https://articlekz.com/kk/article/17402
  4. 杨 恕,张玉艳. 北约从阿富汗撤军对中亚地区安全的影响 // 新疆大学学报(哲学·人文社会科学版). , 2014 Vol.42, No.6. -71pp.
  5. Sean P. Roberts. The Eurasian Economic Union: A case of reproductive integration? // Post-Soviet Affairs. Volume 32, 2016 - Issue 6. -2pp.
  6. Johannes F. Linn. Oksana Pidufala. THE EXPERIENCE WITH REGIONAL ECONOMIC COOPERATION ORGANIZATIONS LESSONS FOR CENTRAL ASIA // WOLFENSOHN CENTER FOR DEVELOPMENT WORKING PAPER, 4 OCTOBER 2008. -8pp.
  7. Sun C. (2012) The New Decade for SCO. Chinascope. Available at: http://chinascope.org/main/content/view/4691/92 (Last accessed July 20, 2012).
  8. Johannes F. Central Asian Regional Integration and Cooperation: Reality or Mirage? // EDB Eurasian Integration Yearbook 2012.-104pp.
  9. CAREC Program web: https://www.carecprogram.org/?page_id=31.
  10. CAREC Secretariat web. CAREC Corridors. Internet resource: https://www.carecprogram.org/?page_id=20
  11. Johannes Linn. Central Asian Regional Integration and Cooperation: Reality or Mirage? // EDB Eurasian Integration Yearbook 2012.-111 pp.
  12. 陈 维. 论“中亚区域经济合作计划”的地位与作用 // 西部学刊. CN61-1487-(2014)06-0028-06.-32p.
  13. А.М. Акматалиева. ПЕРСПЕКТИВЫ РЕАЛИЗАЦИИ ЭКОНОМИЧЕСКОГО ПОЯСА ШЕЛКОВОГО ПУТИ КНР В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ. Ч.1,2,3,4. - Вестник КРСУ.2018. Том 18. №7.-С. 111-115.
  14. 王义桅. "一带一路"机遇与挑战 // 人民出版社. ISBN;978-7-01-014788-8.北京. -14-15p.
  15. 周明阳. 推动“一带一路”与欧亚经济联盟对接 // 经济日报/2017 年/12 月/18 日/第 009 版1页.
  16. Нұр Сұлтан, «Бір белдеу бір жол» стратегиялық шеңбері бойынша Қазақстан-Қытай қатынастарын зерттеу // Янбия университетінің заңгерлік магистрлік диссертациясы - 2019 - 3 б.
  17. Дерек көзі: Xinhua News: ht HYPERLINK "http://www.xinhuanet.com/2019-05/15/c_1124499140.htm" .
  18. An official website of the United States government. «United States Strategy for Central Asia 2019-2025: Advancing Sovereignty and Economic Prosperity». internrt resource: https://www.state.gov/united-states-strategy-for-central-asia-2019-2025-advancing-sovereignty-and-economic-prosperity/
  19. Erman Akıllı. Turksoy, Turkic Council and Cultural Diplomacy: Transactionalism Revisited // AUTUMN 2019/NUMBER.-91pp.
  20. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. Қайнар көзі: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-onlayn-formatta-otken-turkitildes-memleketterdin-yntymaktastyk-kenesinin-beyresmi-sammitine-katysty-3123438

 

Қақар Қанат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аймақтану кафедрасының докторанты

“The Qazaq Times”