Британия Парламенті Шыңжаңдағы мәжбүрлі еңбек арқылы өндірілген тауарларды қабылдады деп өз еліндегі компанияларды сынға ала бастады. Ендігі жерде Британ үкіметі азаматтарды мәжбүрлі еңбекке жегу арқылы өндірілген тауарлардан бас тартпаған отандық компанияларды қара тізімге енгізбек.
Қазір АҚШ пен Британия және бірқатар Батыс елдерінің Шыңжаңдағы өнідіріс орындарымен жұмыс істейтін компаниялары өз қабылдаған тауарларының мәжбүрлі еңбекке қатысы жоқ екенін дәлелдеуі тиіс. Егер бұндай дәлелсіз және Шыңжаң жерінде өндірілген тауарлар болса шектеуге ұшырайды. Ал, Британ билігінің Шыңжаңмен істестік орнатқан компанияларға деген талабы бәрінен қатал. Олар мәжбүрлі еңбекпен қатысы жоқ екенін дәлелдей алмаса қара тізімге енеді, тіпті қазір Британ депутаттары ондай компаниялар қара тізімге алынып қана қалмастан, санкциялануы керек деп санайды.
Ағылшын депутаттары бұл турасындағы 2015 жылғы заңның ескіргенін, қазіргі Шыңжаң жағдайына қарай жаңартылуы тиіс деген талап қоюда. Британ және АҚШ жасаған мәлімдемеде, Шыңжаңдағы аз санды ұлт өкілдері мақта атыздарында және өндіріс орындарында еркінен тыс жұмысқа тартылған делінген. Қытай әлемде мақта өндірісінің бестен бірін иелейді. Ал, Қытай мақта өндірісінің жартысынан көбін Шыңжаңда өндіреді.
Ресми Бейжің мұндай айыптарды шетке қағауда. Алайда, Британ, АҚШ бастаған демократиялық елдер бұл мәселе туралы қатаң ұстанымда болатынын аңғартты.