Дүйсенбі, 30 қараша күні тәуелсіз азаматтық қоғам мен құқық қорғау ұйымдарға салық органдарының негізсіз талаптарына байланысты қазақстандық Үкіметтік емес ұйымдар шұғыл онлайн-брифинг өткізді. Баспасөз жиынында азаматтық қоғамның бірқатар тәуелсіз коммерциялық емес мекемелері мен құқық қорғау ұйымдары салық органдарының «шабуылына» ұшырағаны туралы мәлімдеді.
Қазақстан азаматтық қоғамы мен тәуелсіз құқық қорғау ұйымдарының үндеуі:
Кейінгі бірнеше аптада азаматтық қоғамның бірқатар тәуелсіз коммерциялық емес мекемелері мен құқық қорғау ұйымдары салық органдарының «шабуылына» ұшырады. Біздің ойымызша, олардың артында ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) органдары тұр. Барлығы көшіріп алғандай, бір-бірінен айна қатесіз аумайды. Әртүрлі аймақтарда салық органдары салық есептілігінің 017.00 және 018.00 формаларын толтырудағы қателіктерді сылтауратып, ескерту хаттарын жолдаған. Бұл формалардың барлығы шетелдік көздерден қаржы алу мерзімі мен оның жұмсалуына қатысты. Мәселе салықтан жалтару, қаржыны заңсыз және мақсатсыз жұмсау жөнінде емес, форманы толтыруға қатысты. ҚР қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде формаларды толтырудағы қателіктер үшін қатаң жаза қарастырылған. Егер қате ақпарат бергені анықталатын болса, коммерциялық емес ұйымға 500 мың теңге айыппұл және 3 айға дейін жұмысын тоқтату (460-1 бап) жазасы қарастырылуы мүмкін.
2016-2017 жылдары Қазақстанның салық және әкімшілік заң бұзушылық заңнамаларына өзгертулер енгізілген. Атап айтқанда, шетелден қаржы алатын коммерциялық емес қоғамдық ұйымдарға есеп берудегі заң бұзушылықтар үшін қосымша әкімшілік жауапкершілік жүктелген. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық және тәуелсіз ұлттық сарапшылар сол кезде бұл қосымша есеп беру, өзінің мәні бойынша, салық органдары мен ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі алдындағы есеп беруді қайталайтынын, оны ұсыну ережелері заңдық сенімділік пен болжамдылық қағидаттарына сәйкес келмейтіндігін атқан. Оған қоса, заңнамада көрсетілген шарттар мен ережелер салық төлеушілерге тиісті бланкілерді толтыруда оның дұрыстығына толық сенімді болуға мүмкіндік бермейді. Ал салық органдары, керісінше, заңдарды толық әрі өз ыңғайларына қарай пайдалануға мүмкіндік алған.
Қазіргі уақытта қазақстандық коммерциялық емес ұйымдар халықаралық ұйымдармен, шетелдік заңдық немесе жеке тұлғалармен жасалған келісім шаттар, банк қызметтері, барлық жобалар, оның мақсаты мен қаржысы жөніндегі ақпараттарды ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне береді. Бұдан бөлек, кірістер мен шығыстар, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер жөнінде салық органдарына есеп береді.
Коммерциялық емес сектордың есеп беруі коммерциялық ұйымдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бірақ коммерциялық сектордың инвестиция тарту мен бірлескен кәсіпорын ашуда шетелден қаржы алуы өте жоғары. Бұл коммерциялық емес ұйымдармен салыстыруға келмейді. Мемлекеттік органдардың өзі әртүрлі бағдарламалар мен жобаларға халықаралық ұйымдар, шетелдік банкерден көп жақтық немесе екі жақтық келісім шарттар негізінде миллионаған, миллиардтаған доллар қаржы алады.
Бірақ коммерциялық емес ұйымдарға ғана кемсітушілік пен репрессивті заң нормалары қарастырылған.
Солық кодексі де, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекісі де «жалған ақпарат» терминінің заңдық мағынасын түсіндірмейді. Қай ақпараттың «жалған» екенін, әкімшілік жауапкершілікке алып келетінін, техникалық қателіктер және т.б «жалған ақпаратқа» жата ма, жоқ па оны салық органдарының өзі анықтайды. Оның үстіне, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 460-1 және 460-2 баптары қасақана зиян келтіру баптарына жатады. Жалған ақпарат беру әдейі, қандай да бір заңсыз мақсаттарға жету үшін жасалады. Бірақ біздің елімізде заңсыздықтың мақсатын дәлелдеу баяғыда қажет болмай қалған. Қысымға ұшыраған ұйымдар алған ескерту хаттарына қарап, салық органдарының аталмыш формалардан техникалық қателік сияқты кез келген дүниені тауып, қысқа уақыт аралығында протокол толтырып, айыппұл салып, ұйым жұмысын тоқтатуға мүмкіндік алу керекті жөнінде тапсырма алған деген қорытынды жасауға болады. Салық органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне, сенімсіздігіне, алаңдауларына қарап, бұл олардың өз бастамалары емес, олардың басты міндеті салық жинау. Қысымға ұшыраған ұйымдарға салық немесе бюджетке төленетін өзге де төлемдер жөнінде мін жоқ. Олардың барлғы бюджетке тиісті салығын төлеп отырған адал салық төлеушілер. Бұл шабылдардың саяси мақсаты бар. Ұйымдарды сотқа сүйеу, ең ауыр жағдайда олардың жұмысын белгілі бір уақытқа дейін тоқтату. Бізің бәрін «еститін», бәрін «көретін» үкіметіміздің өзіне жүктелген халықаралық міндеттерді бұзып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен ФАТФ стандарттарына қайшы, тәуелсіз құқық қорғау ұйымдары мен азаматтық қоғам бірлестіктеріне не себепті дәл қазір кедергі келтіріп отырғанын бағамдау қиын. Бірақ бұл іс-әрекет кезекті рет мемлекеттің имиджіне, оның инвестициялық ақуалына және өзге де рейтингтеріне кері әсерін тигізеді.
Бізге келетін болсақ, әрине, біз өз ұйымдарымызды, Қазақстан Республикасының соттарында және халықаралық деңгейдегі түрлі халықаралық коалицияларда, жұмыс топтары мен сараптамалық құрылымдарға қатысу шеңберінде, сондай-ақ халықаралық деңгейде қорғау үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз, және оқиғалар теріс дамыған жағдайда біз мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынасымызды қайта қарауға мәжбүр боламыз.
Қол қойғандар:
«Еркіндік Қанаты» ҚҚ
«Қадір қасиет» ҚБ
«Адам құқығы мен заңдылықты сақтау Қазақстан халықаралық бюросы» РҚБ
«Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ
«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ
«Құқықтық медиа орталық» ҚҚ
«Эхо» ҚБ
30 қараша 2020 жыл
Әзірге мемлекеттік салық органдары үкіметтік емес ұйымдардың мәлімдемесіне қатысты ешқандай пікір білдірмеді. Аталған ұйымдардың кейбірі келер жылдың 10 қаңтарына белгіленген мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауды бақылауды мақсат еткен.