Беларусьтағы президент сайлауы қарсаңында Ресейдің ұзақ уақыттан бергі одақтасы Минск Мәскеуді ішкі істерге араласты деп айыптады.
Соңғы кездері Беларусь екі елдің қарым-қатынасын ілгерілету үшін көп жұмыс атқарған. Президент Лукашенко тұтқындалған ресейліктер мәселесінде Ресейді айыптап, сайлау қарсаңында алауыздық туғызуды мақсат етеді деді.
Өткен аптада Минск маңында ұсталған ресейліктер жасырын «Вагнер» ұйымынан деп айтылады. Белорусь билігі тұтқындалған ресейліктерді 9 тамыздағы президент сайлауына байланысты тәртіп бұзды және оппозиция белсенділерімен келіссөз жүргізді дейді.
Ресей тұтқындалған 33 ресейліктің лаңкестік әрекетке қатысы жоқ деп, Минскті сарбаз тұтқындарды босатуға шақырды. Ресей бұл адамдардың Лукашенкоға қарсы белсенділермен ешқандай байланысы жоқ дейді. Ал тұтқындалған сарбаздар тергеу барысында Түркияға, Венесуэлаға бара жатқанын айтқан.
Лукашенко сөзінде «ресейліктер шетелдік бағыттарға тікелей ұшып кете алады, сондықтан Белорусьқа кірудің қажеті жоқ» – деді. Алайда «Мәссеу Таймс» басылымы Ресейдің каронавирус індеті кезінде барлық халықаралық рейстерді тоқтатқандықтан, көптеген ресейліктер Белорусьті саяхат үшін транзиттік пункт ретінде пайдаланады деп хабарлады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді