Соңғы зерттеулерге сәйкес Германия Қытай мен Ресейдің еуропадағы басты нысанасына айналғаны мәлім болды. Стратегиялық зерттеу қорытындылары Германия алдағы «қырғи-қабақ соғыстың» бас кейпкеріне айналатынын болжайды.
29 шілде Royal United Services Institute аға ғылыми қызметкері Джон Кампфнердің «Қытай мен Ресей Германияда» атты зерттеу мақаласын жариялады. Мақалада Ресей мен Қытайдың Германиямен байланысы жөнінде түрлі мәселелерді сараптап көрсеткен. Оның айиуынша Германия Ресейдің кибер шабуылдарына тап болумен қатар, Қытайдан төнетін экономикалық қауіпке тұс келген.
Кэмпфнер мақаласында: «Ресейдің әрекеті негізінен саяси іс-әрекет, қоғамның демократиялық жүйеге деген сенімсіздік қалптаструға бағытталатынын», «Қытай әрдайым экономикалық активтерді нысанаға алып келгеннін» атап көрсетеді. Сонымен бірге Германия экспорттық нарықта Қытайға тәуелді екенін алға тартқан. Бұл Германияның экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретіні мәлім.
Сондай-ақ, мақалада Қытайдың әрекеті тек экономикалық шеңберде шектеліе қалмағанын ескертеді. Соңғы бірнеше жылда Қытай «бір белдеу және жол» сияқты саясатты ілгерілету үшін неміс БАҚ-мен ынтымақтастықты күшейткен. Қытай Германияда ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруда, ол Ресейдің ашық әрекетінен гөрі нәзік. Қытай үгіт-насихат жұмыстарын кеңейтіп, Германиядағы және басқа да аймақтардағы беделі мен ықпалын кеңейтуді көздеп отыр.
Зерттеуге сәйкес Германия қазіргі уақытта Ресей мен Қытайдың Еуропадағы іс-әрекеттерінің ең басты нысанасына айналғанын білуге болады. Аталған британдық аналитикалық орталықтың бұл есебінде «Қытайдың неміс экономикасының қозғаушы күшіне айнала бастауы қауіп тудыратынын, қытайлық инвесторлар немімтің кейбір шағын компанияларын сатып алып, оның ұстанымын өзгеруіне тырысады. Соның өзі Қытайдың стратегиялық қадамы екенінін көрсетеді» деп сипаттаған. Анығында, АҚШ пен Германия арасындағы «нашар қарым-қатынас», Германияға Қытай мен Ресейден төнетін қауіп-қатердің арта түсуге себеп болып отыр.
Коронавирус пандемиясы Еуропа елдерінің Қытаймен болашақ қарым-қатынас туралы ойландырды. Бұл туралы мәлімдемеде: «Қытай экономикасы COVID-19 дағдарысында көрсетілді, неміс халқын Қытаймен іскерлік қатынастарды дамытудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне көбірек көңіл бөлуге мәжбүр етті. COVID-19 пандемиясы кезінде Германияның медициналық сақтандыру мен жабдықты жеткізудің сенімділігін, ұлттық инфрақұрылымның жалпы сенімділігін көптеген елдер қайта қарады делінген».
Осыған байланысты мәлімдемеде Қытай мен Ресейдің неміс қоғамына, саясатына және экономикасына енуі, Еуропадағы ең ірі экономика Германияға қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар Еуропа мен батыс демократиялық жүйесіне де қауіп төндіреді.