АҚШ-та басталған «Black lives matter» қозғалысы Еуропа мен Аустралияда да өтті.
Германия, Нидерланды, Ұлыбританияда жүздеген адам афроамерикалық Джордж Флойдтың қатыгездікпен өлтірілгенін айтып, Миннеополис ереуілшілерін қолдауға шыққан. Ұйымдастырушылар бұл өзекті мәселені жаһан болып, бірге шешу керек дейді. Еуропадағы акциялар бейбіт түрде өтті.
25 мамырда Миннеаполис қаласында 46 жастағы Джордж Флойд полицей өкілдерінің көз алдында жан тапсырған. Дүкен кассирі марқұм жалған банкнотпен есеп айырыспақ болды деген уәжбен полиция шақырады. Артынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктінің қолына кісен салғаннан кейін офицерлердің бірі оның желкесін аяғымен 7 минуттай басып тұрған. Дауысы қарлыққан афроамерикалық өзінің дем ала алмай жатқанын айтады, бірақ оған полицейлер құлақ аспаған. Осыдан кейін «Мен тұншығып қалдым!» тіркесі шерудің басты ұранына айналды.
Бір аптаға жуық уақыт өтсе де, Америкадағы қақтығыс әлі басылған жоқ. Сент-Луис қаласындағы ереуіл кезінде 4 полиция қызметкері жарақаттанған. Қазір төрт сақшы да ауруханада жатыр. Ереуіл кезінде 200-ге жуық адам полицейлерге пиротехникалық зат пен тас лақтырған. Ал куәгерлердің сөзінше, кеш батысымен наразы жұрт дүкендерді қирата бастаған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді