Жапон жасөспірімдері арасында мектептен бас тартқандар саны барған сайын көбейіп келеді. Жапондар бұл үрдісті «футоко» деп атап, оның себебін табуға тырысуда. Олар бұған кінәлі мектеп пе, оқушы ма әлде ата-анамен деген сауалға жауап іздесуде.
Жапония Білім министрлігінің мәліметінде, мектеп оқушыларының мектептен қашу әрекеттерінің үш түрлі себебі бар деп көрсеткен: отбасы жағдайы; мектептегі зорлық-зомбылық әрекеттер; оқушылар арасындағы қақпайлау немесе мұғалімдермен мәмілесінің жараспауы.
Бұл үрдісті зерттеп жүрген әлеумет танушылар жапон мектептерінің балаларға ауыр талаптар қоюы да мәселенің басты себептерінің бірі деп көрсетеді. Кейбір оқушылар өзінің жапон мектептерінің қатал бұйрығын орындаудан қажығанын айтады. Шынында да, жапон мектептерінде балаларға қатаң талап қояды. Тіпті, балалардың киім киісі мен шаш үлгісінің бірдейлігіне де қатты мән береді. Бұл үшін кейбір табиғи қоңырқай шашты балаларға шашын үнемі қара түске боятып тұруына тура келеді.
Жапония мектептеріндегі қатаң тәртіп суық күндерде де балаларға мектеп ішінде күрме немесе мектеп киімінен басқа қалың киімдер киюге шектеу қояды. Бұндай қатаң талаптар өткен ғасырдың 70-80 жылдары елдің білім сапасын арттыру науқандарымен бірге пайда болған. Бірақ, өткен ғасырдың соңына қарай тіпті де қатаң бола түскен.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі