АҚШ-тың Нью-Йорк пен Нью-Джерси қалалары толассыз жауған жаңбыр мен қатты жел салдарынан су астында қалды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Жауыннан кейін көшелер суға толып, жаяу жүргіншілер мен көліктердің жүруіне қиындық туғызған. Су деңгейі көтеріліп, ағаштар құлаған. Салдарынан бірнеше ауданда 300 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Болжам бойынша, климаттың күн өткен сайын өзгеріске ұшырап, ғаламдық жылыну салдарынан осындай табиғи апаттар жиі орын алады.
Бұған дейін Жер климаты қазіргі қарқынмен жылына берсе, 2100 жылға барғанда теңіз сулары 1 метр шамасында көтеріледі деп болжанған еді. Алайда, Антрактика мен Гренландия аралдарындағы мұз қабаттарының еруіне қайталай зерттеу жүргізген Британия мен АҚШ ғалымдары теңіз-мұхит су деңгейінің көтерілуі біз шамалаған мөлшерден екі есе артық болатынын болжады. Биыл Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем экономикасына төнген ең үлкен қорқыныш – климат өзгерісі деп көрсетті. Гутерреш сөзінде: «Біз бұл жарыста артта қалып жатырмыз. Климат өзгерісі біздің алдын алу шараларымыздан әлде қайда тез болып жатыр. Шынайы жағдай біз ойлағаннан да ауыр екенін соңғы оқиғалар дәлелдеп жатыр», – деген болатын.
Ғалымдардың соңғы тұжырымына сәйкес, ауаға шығарылатын көмір қышқыл газының мөлшерін азайтпасақ, 2100 жылға барғанда Лондон, Нью-Йорк, Шанхай секілді алып мегаполистер су астында қалып, бірнеше жүз млн адамның қоныс аударуына тура келеді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі