АҚШ пен оның НАТО-дағы маңызды одақтасы Түркияның қарым-қатынасы нашарлап тұрған тұтса, ресейлік әуе қорғаныс техникасы Түркияға жеткізілетін болды. Ресейлік қорғаныс техникаларын сатып алу мәселесінде Анкара мен Уашингтон ортақ танымға әлі келіп болмаған еді.
Құрама Штаттар бірнеше рет ескерту мен сын берсе де, Түркия Ресей "С-400" техникасын сатып алу туралы шешімін өзгертпеді. Ал, жақында С-400 техникасының алғашқылары Түркия жеріне маусым айының соңына қарай орнатыла бастайтыны белгілі болды. Зымырандар мен әскери әуе техникаларына қарсы тұратын бұл қорғаныс жүйесін орнату, алғашқы сынақтарды өткізу үшін ресейлік мамандардың тобы да Түркияға барады.
АҚШ Түркияны райынан қайтуға насихаттап көрді. Тіпті, келісімнен бас тартпаса, әлемдегі ең озық әскери ұшақ саналатын F-35 ұшақтарының ең жаңа түрлерін Түркияға беруді тоқтататынын ескертті. Соңына келгенде бұған дейін Түркия сатып алған F-35 ұшақтарының бөлшектерін жеткізуді тоқтатып тастады.
Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, бұл дау-шардың әскери, стратегиялық және өндірістік сипаттары да бар. Соңғы қайшылықтарға байланысты Құрама Штаттар Түркияны НАТО-да және сыртқы саясатта қаншалықты сенімді одақтас болады деген сұрақтар төңірегінде ойлана бастады. Бұндай сұраулы ой НАТО-ның өзге де мүшелерінің көкейінде тұр.
Түркия НАТО ұйымы үшін стратегиялық аса маңызды ел. Себебі, Түркия НАТО-ның Орта, Таяу-Шығыс сынды ең белсенді қатерлерге толы аймақтағы шекарасын қорғап тұр. Сүрия, Ирак, Иран, Ауғанстан сынды Батысты алаңдататын елдермен қоса, Саудан, Ливия соғыс оты сөнбеген елдерге де жақын. НАТО өзінің Оңтүстік Шығыс шекарасының қауіпсіздігін ескеретін болса, онда Түркиядан қол үзіп кете алмайды.
Ресей өндіретін С-400 зымыран қорғаныс жүйесі әлемдегі ең қуатты әуе қорғаныс техникасының бірі. Бір ғана С-400 жүйесі үлкен ауқымды радар, басқару орталығы, бағыттаушы радар және зымыран қондырғы сынды төрт бөліктен тұрады. Сондай-ақ, бірнеше комплектациясымен сатылады. Түркия қандай комплектация таңдаған күннің өзінде оны НАТО-ның біртұтас әуе қорғаныс жүйесімен үйлестіруі өте қиын. Ресейлік әуе қорғаныс жүйесі жақсы жасалғанымен ол НАТО техникаларымен үйлесе бермейді. Оның үстіне Түркия әлемде F-35 ұшағын қолданатын санаулы ел. Түркияның әуе қорғанысына араласқан Ресей аталған озық ұшақ туралы құпия мәліметтерді ұрлап алады деп қауіптенеді.
Түркия болса ресейлік қорғаныс жүйесі F-35 ұшақтары орналасқан әуе базасынан алысқа орнатылатынын алға тартады. Дегенмен, Ресей F-35 ұшақтары туралы бұған дейін де құнды мәліметтерге ие болған болуы мүмкін. Себебі, Сүриияда орыс радарлары Израиль әуе күштері қатарындағы F-35 ұшақтарын бақылап келген.
Қалай десек те Сүрия және С-400, F-35 мәселелері АҚШ пен Түркия арасын барған сайын алыстатып барады. Түркия келісімнен бас тартпайтынын айтса, АҚШ бұл келісімге түбегейлі қарсы екенін айтады. Оған қоса Ердоған барған сайын авторитарлық бағытқа қарай кетіп барады. Бұл да Ушингтонға "ұнамайды". Егер, НАТО-дағы ынтымақтастық болмағанда АҚШ пен Түркия арасы бұдан да ауыр дағдарысқа тап болар еді.