Егер ДАЙШ террорлық ұйымы қайтадан қалыптасар болса, АҚШ әскері Сүрия аумағына қайтадан кіретін болады. Бұл туралы Дональд Трамп хабарлады.
«Сүрия аумағына қажет болса біз қайтадан ораламыз. Біздің ұшақтар өте жылдам, Сонымен қатар біздің жүк тиейтік ұшақтарымыз да өте жақсы. Барлығын тез арада қалыпқа келтіруіміз ғажап емес», деп CBS News арнасында мәлімдеген.
Бұдан бөлек АҚШ басшысының сөзінше, Сүрия шекарасынан шығарылған әскери күштердің бір бөлігі Ауғанстанда орналасқан АҚШ әскери базасын қалса, қалған бір бөлігі америкаға оралмақ. Себебі, Таяу шығыс маңында әлі де террорлық әрекеттер басылар емес.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп біраз уақыт бұрын ДАЙШ террорлық ұйымын толықтай жеңгендігі туралы мәлімдеген. Бұл жағдай америкалық әскери күштердің Сүрия аумағында болуына себепкер еді. Алайда, Иракпен Сүрия шекарасындағы ДАЙШ әскерінің террорлық әрекеттері, олардың түпкілікті жойылып кетпегендігінің куәсі.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел