Ұлыбританияда 2016 жылы бүкілхалықтық референдум қабылданып, Еуропалық Одақ құрамынан шығу процесі таныстырылды. Дауыс беру кезінде халықтың 51,9%-ы қолдаса, қалған 48,1%-ы қарсылық білдірген. Сол уақыттан бері Brexit жоспарына қатысты шешім пікір қайшылығына әкеп соқты.

Британияның бұрынғы Сыртқы істер министрі, консерватор Борис Джонсон мэйдің шешіміне қатысты: «Вассалды мемлекет атануға аз ғана қалғандай. Brexit – саяси байланыс пен дамуды тежейтін жоспарн. Министрлер кабинеті бұл жобаны қабылдамайды деген үміттемін», – деді. Ал Біріккен Корольдіктің Тәуелсіздік партиясының бұрынғы басшысы (UKIP), Найджел Фарадж: «Менің ойымша, бұл тарихтағы ең нашар мәміле. Біз басқаны да, өз-өзімізді де жеңген ел ретінде қалыптастық. Осы ұстанымды сақтап қалу керек. Егер дұрыс шешім қабылданбаса, Министрлер кабинетінің мүшелері жаппай отставкаға кеткені жөн болар», – деп, Мэйге вотум жариялау туралы ұсыныс блдірді.

Британия ЕО-дан ресми түрде шыққан күннен бастап 2019 жылғы 29 наурызда және 2020 жылдың соңына дейін өтпелі кезең жалғасады. Оның ішінде тараптар дипломатиялық қатынастардың барлық аспектілері: тауарлардың, капиталдың, қызметтер мен адам құқығы, ғылыми даму және құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы туралы уағдаласады.

Британия өтпелі кезеңінің соңына дейін біреуден басқа барлық қатынастарда ЕО-ның бір бөлігі болып қалады. Алайда, Еуроодақ билігінің орталық органдарында өкілдер мен дауыс беру құқығынан айырылады. Егер Тереза Мэй үкіміеті арнайы шарттарға қол қойса, Британияның өтпелі кезеңді екі жақты келісім бойынша ұзартуға мүмкіндігі бар.

Brexit тақырыбы саясаттағы күн тәртібінде тұрған мәселеге айналғалы бері, Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы шекарасының болашағы да талқылана бастады. ЕО аиалған мемлекет арасында қатаң төлқұжаттық бақылау мен шекаралық дау болмауы тиіс деген талап қойды. Сонымен қатар, Ұлыбритания 2019 жылғы 29 наурызда ЕО-дан шыққаннан кейін ЕО-ға 39 млрд фунт стерлинг төлейді. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына жетпіс күн қалғанда Тереза Мэй депутаттарға қосымша жоспарын таныстырады. Лондондағы Еуропа университетінің ғылыми қызметкері Оливер Пательдің пікірінше, Мэйдің депутаттар алдына шығып, «Б» жоспары туралы айтуы оның саясатындағы маңызды өзгерістерді көрсете алмайды. Сондықтан да, алдағы уақытта елде саяси реформалар орын алуы мүмкін.

"The Qazaq Times"