АҚШ Конгресінің зерттеулер жүргізу бойынша қызметкері Уилл Мэки Қазақстанды билік транзиті жағдайында не күтіп тұрғаны жайлы талдау жасады. The National Interest басылымында жарық көрген талдау америкалықтардың Астанадағы әрекетін мұқият қадағалайтынын, Қазақстанды саяси көшбасшыны ауыстыру кезінде не күтіп тұрғанын және оны күйзеліссіз бастан кешіре алатындығын айтқан.
Америкалық Конгресс өкілі Қазақстандағы кез келген тұрақсыздық Уашингтонда алаңдаушылық тудыратынына сенімді. Қазақстан НАТО-ға өз аумағы арқылы тауарларды Ауғанстанға тасымалдауға мүмкіндік береді, ал американдық компаниялар республиканың мұнай-газ секторына миллиард доллар қаржы инвестициялайды. Бұдан басқа, Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің «Төмен байытылған уран банкі» бар. Ол ядролық реакторға арналған отынды қамтиды. Сондай-ақ үкімет уран қорының «қауіпсіздікте сақталуы мен террористердің, қылмыстық топтардың қолына түспеуі үшін жауапты болады», – деп атап өтті автор. Аталған факторлардың барлығы Уашингтон Қазақстандағы билік транзиті кезінде қандай мәселелердің көбірек алаңдататынын көрсетеді. Назарбаев тәуелсіздік алғаннан кейінгі барлық кезең ішінде елдегі тұрақтылықты сақтауға қол жеткізді, бірақ «постназарбаев кезеңі» Қазақстанда айтарлықтай деңгейге қол жеткізу оңай емес деп санайды.
2017 жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті «Қазақстандағы атқарушы биліктегі, құқық қорғау мен жергілікті билік органдарындағы, білім беру жүйесі мен сот жүйесіндегі көптеген сыбайлас жемқорлық жағдайлары» туралы хабарлаған болатын. Карнеги атындағы Халықаралық бейбітшілік қорының аға ғылыми қызметкері Полл Стронский сөзінше, Н.Назарбаев Қазақстан егемендігінің құрушысы және кепілі ретінде маңызды рөл атқарады, алайда «постназарбаев дәуірінде ел арқа сүйейтін саяси және мәдени институттар құрмады.
Уилл Мэки атап өткендей, Назарбаев мұны өзгерту үшін жұмыс істейді және тұрақты билік транзитін қамтамасыз ету үшін екі есе стратегияны ұстанады: біріншіден, ол біртіндеп атқарушы билікті орталықсыздандырады. Яғни ең алдымен, бір шағын топ немесе жеке адам саяси билікті өз қолына шоғырландыру арқылы ұзақ мерзімді экономикалық және саяси мүдделерге қауіп төндіруі мүмкін. Екіншіден, елдегі элитаны Қазақстан экономикасына инвестиция салуға мәжбүрлейді. Қаражатты шетелге аудару мен сақтау процесін қиындата отырып, өз кезегінде олардың қаржылық мүдделері қазақстандық экономиканың өсуіне барлық жағдайды жасады. Сондықтан саяси тұрақсыздық пен экономикалық қиындықтар туындаған жағдайда сол элита экономикалық зардаптарға жауап беретін болады.
Назарбаев билікті өзінің отбасынан тыс «сенімді мұрагерге» бере алмайды, деп есептейді американдық Конгресс өкілі. Себебі 2016 жылы Өзбекстанның «авторитарлық президенті» Ислам Кәрімов қайтыс болып, билік елдің премьер-министрі Шавкат Мирзиеевке ауысқаннан кейінгі жағдайды көрді. Бастапқыда Кәрімовтың мұрасына ешкім қауіп төндірген жоқ. Бірақ бұл – уақытша екеніні кейін түсіндік. Мирзиеев қызметке кіріскеннен кейін, ол билікті өз қолына шоғырландырып, экс-президенттің одақтастарын биліктен аластатты және отбасының қаржылық жағдайын тексеруге алды. Осының барлығын ескере келе Назарбаев 2017 жылдың наурыз айында Конституцияға енгізілген бірнеше түзетулерді мақұлдады. 2018 жылдың шілдесінде Қазақстан парламенті Назарбаевтың «тарихи миссиясына орай өмір бойы» елдің Қауіпсіздік кеңесін басқаруға құқық беретін заң жобасын қабылдады. Бұл заң жобасы сондай-ақ Кеңесті консультативтік органнан конституциялық органға айналдырып, оның өкілеттігін кеңейтті.
Уилл Мэки өз мақаласын: «Элиталар арасындағы билік үшін күрес қазіргі басшы кеткен жағдайда Қазақстан тұрақтылығы үшін ең үлкен қатерлердің бірі болады. 2018 жылғы қаңтарда Н.Назарбаев «Банк акционерлерін еншілес компаниялардың немесе жеке тұлғалардың пайдасына капиталды шығаруы елеулі қылмыс болып саналуы тиіс» – деп мәлімдеген. Бірнеше ай өткен соң, 2018 жылдың шілдесінде елден капиталды шығаруға шектеу қою туралы заң қабылдады. Заң Қазақстанның банктерін қорғауға бағытталған, бірақ ол көптеген қазақстандықтарға шетелде қаражатты жасыру процесін күрделендіреді. Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев бұл шаралар «валютаға үлкен бақылау жасауды» қамтамасыз етеді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қарапайым азаматтар үшін «валюталық реттеудің бұрынғы либералдық қағидаттары әрекет ететін болады» – деген болатын. Демек, қазіргі президент билікті орталықсыздандыру бойынша жұмыс істеуі мүмкін. Сол себепті Қазақстандағы кез келген тұрақсыздық Уашингтонды алаңдатады», – деп аяқтайды.