Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 10 ақпан АҚШ-қа сапарлай бармақ. Ол АҚШ президенті Доналд Трамппен сауда, инвестиция, сыртқы істер және әскери істер турасында көпжақты кеңестер өткізбек.
Қытай Шинхуа (Синхуа) агенттігінің хабарына қарағанда, кезекті сапардан бұрын Жапония үкіметі жан-жақты дайындықтар жасаған. АҚШ-Жапония арасындағы сауда-экономика, инвестиция секілді маңызды салалардан миллиардтаған қаржының жолы шешілмек. Синдзо Абэның бұл сапары Америка мен Жапония арасындағы альянсты нығайтуға бағытталып отыр. Сонымен қатар, екі ел арасында сауда-экономикадағы келіспеушіліктерді бір жақтылы етпек.
Жапон премьер-министрі өткен жылы қараша айында, АҚШ президент сайлауының нәтижесі шыққаннан кейін де сапарлай барған болатын. Ол кезде билікке ие бола қоймаған Трамппен бір жарым сағаттай кеңесте болып қайтқан. Сол кезде Абэ Синдзо бұл келіссөздерді «нағыз жүректілік», ал Трамп болса селбестік жасауға болатын адам деп бағалап кеткен еді. Ал өткен айдың соңында екеуі телефон арқылы тілдескен. Ресми сапар уақыты белгіленгеннен кейін Ақүй баспасөз қызметі: « Екі ел көшбасшылары екіжақты сауда және инвестициялық қарым-қатынасты тереңдетуге келісті», – деген хабарламасын жарияланған болатын.
Екі ел басшылары қалайда, АҚШ пен Жапония экономикасына тың серпіліс беруді жоспарына алады. Бұл Шығыс Азия мен Солтүстік Американың экономикасына да әсері бар. АҚШ Трамптың шешімімен көпжақтылы сауда келісімдерінен бас тартып, екіжақты келісімдер жасауға тырысуда. Шығыс Азиядан АҚШ-пен селбестік орнатуда Жапония Қытайдың алдын орап кетті. Қазіргі кезде, қытайлық ақпарат құралдары Синдзо Абэның басқан-тұрғанын қалт жібермей жазып, жапон мен құрама штаттар арасындағы қарым-қатынастарды жіңішкелікпен талдауда. Трамп таққа отырғалы АҚШ-тың Қытайға деген ықыласы суып тұр.
Сапарға дейін жапон инвестициясының Құрама Штаттарда белсенділігін сақтау үшін жоспарлар түзілды. Бұл екі ел бірлескен құны 450 млрд $ инфрақұрлымдық нарығын да қамтиды. Алдағы 10 жылда жапон үкіметі мен компаниялары АҚШ инфрақұрылымдарына 150 млрд АҚШ долларындық инвестиция салуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін бес басқыштан тұратын инвестиция алмасу жоспары да дайын тұр. Алайда, жапондық жоғары дәрежелі кейбір шенеуніктер, келісім барысында мүдделер қайшылығынан маңызды жоспарлардың орындалмай қалуынан алаңдайды. Екі ел арасында айырбасқа түскелі тұрған инвестиция көлемі, кейбір дамушы елдерді әлемнің алдына шығаруға жетеді. АҚШ-Жапония екі жақты келісімі ең алдымен АҚШ-қа тиімділік әкеледі дейді қытай сарапшылары. Тынық мұхиттық сауда келісіменен бас тартқан АҚШ үшін екі жақты келісімдер ауадай қажет. Жапон-Америка қатынасы бұдан да жақындай түсуі бек мүмкін.
“The Qazaq Times”