Израиль үкіметі индонезиялық туристер мен қажылардың еліне келуіне тыйым салды. Әрі бұл шешім Индонезияның Израиль азаматтарының еліне келуін шектеу шарасына берген жауабы екенін алға тартты. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлаған болатын.
Жыл сайын Индонезиядан он мыңдаған туристер мен қажылар Таяу-Шығысқа ағылады. Израильдегі әл-Ақса мешіті Индонезия мұсылмандары көптеп келетін орынның бірі.
Дегенмен, Индонезия үкімет тараулары еврей елінің индонезиялықтарға виза беруді тоқтатқанын растамады. Оның үстіне екі елде ресми дипломатиялық қарым-қатынас бұған дейін де болмаған.
Осыдан бұрын Индонезия тарабы Израильдің палестиналық бұқараға қарсы күш қолданғанына наразылық білдірген. Мамырдың бас шенінде, Жакартадағы (Джакарта) демонстранттар АҚШ елшілігінің алдында Израиль туын өртеп, Құрама Штаттың Израиль жеріндегі елшілігін Иерусалимге көшіруіне наразылық білдірген еді.
Израиль мен әлемде мұсылмандар ең көп тұратын ел саналатын Индонезия арасындағы қарым-қатынас нашарлай түсті. Алайда, екі ел арасындағы сауда байланысының артуына орай, еврей президенті Беньямин Нетаньяху екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнатуды ұсынған.