Осы аптада халықаралық даулы аймақтардың бірі Оңтүстік Қытай теңізі мәселесінде Қытай мен Ресей арасында кірбеңдік пайда болды. Бейсенбі күні Қытай үкіметі ресми мәлімдеме арқылы, Оңтүстік Қытай теңізінде Ресей мұнай компаниясы Вьетнаммен бірлесіп мұнай өндіру жобасын жүзеге асырып жатқанын мәлімдеп, Бейжіңнің бұған күшті наразылық танытып отырғанын жеткіз.
Қытай СІМ өкілі Лу Каң мәлімдемесінде: «Әрқандай мемлекет пен ұйымдардың, компаниялар мен жеке тұлғалардың Қытай үкіметінің рұқсатынсыз Қытай иелігіндегі су айдындарында мұнай мен газды ашу, пайдалану әрекеттеріне жол берілмейді», – деп ескертті. Ол тағы қатысты елдерді Қытайдың егемендігі мен иелік құқығына құрмет етуге, өңірлік қарым-қатынас пен тұрақтылыққа кері әсер ететін әрекеттерді тез арада тоқтатуға шақырды.
Ресей президентінің баспасөз қызметінің сол күні бұған қарсы мәлімдеме жасап, Ресей мұнай компаниясы мен Вьетнамның Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймақтарында мұнай өндіру жобалары туралы Кремльдің ешқандай түсінік бере алмайтынын (былайша айтқанда Кремльдің еш қатысы жоқ екенін) айтты. Дмитрий Песковтың журналистерге: «Ресей мұнай компаниясы бұл мәселе турасында үкіметке ешқандай мәлімет берген емес», – деді.
Ал, бұл туралы арнайы түсінік берген Ресей мұнай компаниясы, Оңтүстік Қытай теңізі жағалауындағы әрекеттерінің заң-ережелерге толықтай сәйкес келетінін айтқан. Әрі, компания аталған теңіз аумағында Вьетнамға қарасты теңіз жағалауында мұнай бұрғылап жатқанын мәлімдеген.
«Ресейтер» агенттігінің хабарына қарағанда, Бейжің тарабының реакциясы Ресей мұнай компаниясының Вьетнамдағы бөлімшесін қатты алаңдатып отыр. Сейсенбіде аталған компания, Вьетнам жағалауынан оңтүстік-шығысқа қарай 250 ағылшын миль қашықтықта газ бұрғылау жұмыстарын бастағанын мәлімдеген. Ал Қытай бұл нүктені иелік территориясының ішінде деп қарайды.
Соңғы жылдары Қытай билігі Оңтүстік Қытай теңізіндегі барлау мен басқару жұмыстарын күшейтіп, аймақтағы ресурстар мен иелік тарихи иелік құқығы Қытайға тән екенін мойындауды талап етіп келеді. Вьетнам биылғы жылдың наурыз айында Қытайға қысым жасағаннан кейін «Қызыл император» деп аталатын блок бойынша геологиялық барлау жобасын тоқтатты. Осы жобаға қатысушы Petronas компаниясы Вьетнамдан өтемақы төлеуді сұрады.
Ал кезекті мәселеге Вьетнамның Сыртқы істер министрлігі жауап бермеген. Сейсенбі күні Ресейдегі бас компания, ал бейсенбіде Вьетнамдағы бөлімше компания мәлімдеме таратып, өз әрекеттерінің Вьетнам заңдары бойынша қамтамасыз етілгенін алға тартқанымен, әлі де Қытай қысымынан алаңдап отыр.
Қытай Ресейдің ірі экспорт нарығы болып табылады. Ең маңыздысы Ресей Қытайдың ең негізгі мұнай-газ қайнары. Ал, Оңтүстік Қытай теңізінде Ресей мұнай компаниясының барлау, ашу жұмыстары Вьетнам үшін де аса маңызды. Аталған теңіз алабы Қытай мен Вьетнам арасындағы ұзақ уақыттан бергі шешілмей келе жатқан қайшылықты тақырып, бұған енді Ресей өзінің қалай бас сұғып алғанын да аңғармаған кейіп танытуда. Мәселені шешу үшін Қытай мен Ресей арасында жекелеген келіссөздер жасалуы да ғажап емес. Егер мұндай қадамдарға барып жатса, Оңтүстік Қытай теңізіндегі дау тағы да бір сатыға жоғары деңгейде шиеленісе түспек.