Ресей президенті Владимир Путин «тарихи және географиялық ақиқаттарды» ешқандай бұрмалаусыз көрсететін дүниежүзі атласын құрастыруға тапсырма берді, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
«Тапонимика саласына, яғни географиялық және өзге де жерлердің атауларына ерекше көңіл бөліну керек. Сонау өткен ғасырларда зерттеушілеріміз бен саяхатшыларымыздың берген географиялық атаулары бүгінде дүниежүзі картасынан жойылып барады. Олардың орнына шет мемлекеттердің өз ойларынша бұрмалап қосқан атаулары қолданылып жүр», - деп, Орыс географиялық қоғамының (РГО) қамқоршылық кеңесінің отырысында мәлімдеме жасаған. Ресей президентінің сөзінше, осындай жолдар арқылы «Ресейдің жер шарының зерттелуі мен ғылымға қосқан үлесі еленбей, аяқ асты етілуде». Бұған мысал ретінде Антарктиданы атаған Путин: «Континентті алғаш ашқан Лазарев пен Беллинсгаузен берген атаулар қолданыстан шығып қалды десек те болады. Біз ешкімді еш нәрсеге мәжбүрлеуден аулақпыз. Алайда, әділеттілік пен тарихи және географиялық ақиқаттардың бұрмалануына жол беруге де құқығымыз жоқ» , - деді.
Ол орыс тілінде дүниежүзі атласы құрастырылатынын және негізгі атауы орысша болса да, кейіннен өзге тілдерде жаңаша аталған жерлерге қатысты түзетулер енгізетінін айтып, қатаң тапсырма берген. Шетелдік бақылаушылар, Путиннің бұл мәлімдемесін Мәскеудің Солтүстік полюстен кейін Оңтүстік Полюсте де Батыспен қақпайласуға ыңғай танытып отыруы мүмкін деген пікірде.