АҚШ президенті Барак Обама Чикагодағы қоштасу сөзінде Америка халқын өз демократиясын сақтауға шақырды, – деп хабарлайды bbc news.

Сегіз жыл бұрын, ол қызметке кіріскен. Және сол сегіз жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда, қазір  «әрбір бастамада Америка мықты екенін дәлелдеді». Алайда ол (президент) «Егер де біз бұл жағдайды бей-жай қабылдайтын болсақ, біздің демократиямызға қауіп төнеді» деп ескерткен болатын.

Мәселеге ортақ түсінікпен, жан-жақты қарау үшін, ол америкалықтардан өтініп  «Біз назар боған аударып, тыңдауымыз керек» – деді.

Бірінші қара нәсілді президент, алғаш рет 2008 жылы (қазіргі таңда 55)  тағайындалған болатын. Келесі президент Дональд Трамп Обаманың кейбір саясатын өзгертетінін айтты. Ол 20 қаңтарда ант беретін болады.

Вице президент Жо Байденге жақындығын көрсетті

Биліктің  бейбіт жолмен ауысуы – Америка демократиясының бірегейлігі. Дегенмен ол америкалық демократияға төнген үш қауіп-қатерді атап өтті: «Экономикалық теңсіздік, нәсілге бөлінушілік және нақты фактілерге емес, «көбік» сөздерге еріп, шегіну». Өзінің президент ретіндегі соңғы соңғы сөзінде: «Өзгерісті мен емес, өздеріңіз енгізе алатындықтарыңызға сенулеріңізді сұраймын». –деді.

Жұбайы Мишелге және қыздары Малия мен Сашаға алғысын білдірді

Чикагодағы  сайлау барысында Обама Ақ үйден сөз жеткізудің орнына Мишель Обама екеуінің «барлығы бастау алған жерге барғым келеді» деген болатын.

«Мен мұнда мына нәрсені білдім: Барлық өзгерістер қарапайым адамдар тартылып, әрекет еткен жағдайда ғана орын алатынын түсіндім. Және олар бір ауыздан жиналып, соны  талап еткен». «Президент ретінде сегіз жылдан кейін де менің ойлайтыным осы».  2012 жылы сайлауда Митт Ромни жеңіске жеткеннен кейін, Маккормикті, яғни Солтүстік Америкадағы ең ірі Convention Center-ді Обама қоштасу мекенжайы деп белгілеген болатын. Оған 20000-нан астам адам  қатысады деп күтілген. Билеттер тегін беріледі, бірақ Интернетте $ 1000 (£ 820) бағасына сатылды.

Саясатта

«Мен сайланғаннан кейін Америкада нәсіл туралы талқылау болды. Бұл көзқарас шынайы болғанымен, реалистік көзқарасқа сәйкес болмады. Дегенмен осы нәсілге байланысты қоғамда жиі-жиі келіспеушіліктер болып қалады. Мен біздің саяси жағдайымыздың осыдан 10, 20, 30 жыл бұрыңғы деңгеймен салыстырғанда, әлдеқайда жақсы екенін айта аламын». 

Фото: bbc.com

Жетістіктері туралы

«Егер мен сегіз жыл бұрын автомобиль өнеркәсібін қайта іске қосып және біздің тарихымызда жұмыс орындарын құрып, ең ұзын стрейч ашу керек десем... Егер мен  сіздерге Куба халқының жаңа халқының жаңа тарауын ашам десем, егер мен Ирандағы ядролық бағдарламаны ешбір оқсыз, қансыз жабамын десем... Егер мен неке теңсіздігін жеңеміз десем... біздің 20 млн отандастарымыздың денсаулығын сақтандыруды қамтамасыз етемін десем...  -  сіздер «біздің көзқарастарымыз тым жоғары» деп айтар едіңіздер».

 Мишель Обама туралы

«Соңғы 25 жыл көлемінде менің жұбайым мен балаларымның анасы ғана емес, менің жан досым да болды. сіздер Ақ үйді барлығына ортақ еттіңіздер. Президенттің қоштасу сәті американдықтар үшін саяси дәстүрге айналды».   

ауд. Гүлім Рысқұл

 "The Qazaq Times"