Түркіменстан Республикасы – Орта Азия мемлекеті. Халық саны 6 млн шамасында. Жер көлемі 488,1 шаршы шақырым болып, оның 80 пайызы құмды шөлдер, тасты таулар алып жатыр. Бес уәлаятқа бөлінеді. Қазақстанмен Маңғыстау облысы арқылы шектеседі. Каспи Теңізі жағалауындағы елге жатады.
Жалпы әскери қуаты
1995 жылы 12 желтоқсанда 185 елдің қолдауымен БҰҰ жағынан бейтарап ел деп танылды. Түркіменстан Қарулы күштері 1992 жылы мамыр айында құрылды.
Әскер саны 22 мың адам айналасында (кей деректерде 2011 жылы Түркіменстан қарулы күштерінде 30 мың адам бар деп көрсетілген). Алайда, оның 10 мың адамға таяуы шекара қорғаныс және ішкі әскери қызметте. Жаттығудан өткен 10 мың адамдық запас әскері бар. Ұлттық гвардияда мыңға таяу әскер бар.
Құрлық армиясы
Құрлық армия қосынында 20 мың адам бар болып, бес әскери қолбасшылық штабына бөлінген. Жаттықтырушылар дивизиясын қамтыған 4 мотоатқыштар дивизиясы, 2 мотоатқыштар бригадасы, 1 артиллериялы бригада, 2 зымыран қорғаныс бригадасы, 1 зымыран атқыштар бригадасы, 1 зеңбірекшілер полкі, 1 Танкке қарсы артиллерия полкі және бір әскери инженериялық корпусқа бөлінеді. Бұлардан сырт 1 тәуелсіз батальондар қосына бар.
Құрлық армиясының әскери техникалары: 670 дана Т-72 танкі бар, әскери көліктерден: 170 дана BRDM және BRDM-2 көліктері бар. Жаяу әскерлерге арналған көліктерден: 930 BMP-1 және BMP-2 көліктері бар. Ал, BRM көліктерінен 12-сі бар. Брондалған авто көліктер: БТР-60 / БТР-70 / БТР-80 көліктері 829. Сүйрелмелі 122мм, 152мм артиллериялар саны 269. Өздігінен жүретін артиллериялар саны 56 (122мм, 152мм). Дүркіндетіп ататын гаубица саны 17. Зымырандар саны: 122мм және 220мм 125 данасы бар. 88мм және 120 мм миномет 97 данасы бар. АТ-3 / АТ-4 / АТ-5 / АТ-6 түрлеріндегі танкке қарсы зымыраннан 100 данасы бар. Танкке қарсы қарудан 100 мм түріндегі 72 данасы бар. Алыс аралыққа атылатын артиллерия саны 48 дана. Зенитті-зымыран саны: SA-8 / SA-13 түнінен 53дана, ал SA-7 түріне бірнеше данасы бар. Құрлықтық зымыраннан SS-1 типті 10 зымыран бар.
Теңіз армиясы
Каспий теңізі жағалау күзеті мен әскери-теңіз базасы біріккенде 2000 айналасында әскери қызметкері және 16 патрульдік қайықтары бар. Түркіменстан Қарулы күштері Теңіз армия қосыны негізінен Каспий теңізіндегі шекаралық күзет үшін жасақталған.
Әуе армиясы
Әуе қорғаныс күштерін қамтығанда 4 мың адамы бар болып, екі әуе шабуыл қосыны және бір әуе армиясының құрлық қосынына бөлінген. Оларда МИГ-29, СУ-17, МИГ-29U, СУ-25МК ұшақтары бар. Бұларға қоса 1 аралас тасымал эскадрасы бар болып, АН-26, Ми-24, Ми-8 ұшақтарымен жабдықталған. Сонымен бірге, Су -7B және L-39 ұшақтарымен жабдықталған 1 тактикалық барлау батальоны бар. Ал, бірнеше әуе зымыран эскадраларында SA-2 / SA-3 / SA-5 типті жерден атылатын зымырандардан 50 данасы бар.
Жауынгерлік ұшақтарының жалпы саны 100 шамасында. Жауынгерлік тікұшақтар саны 10.
Жойғыш ұшақтарынан: МИГ-29 типті 22 ұшақ бар.
Стратегиялық шабуылшы ұшақтар: Су-17 ұшағынан 65 дана; Су-25МК типті ұшақтарынан 2 дана.
Тасымал ұшақтары: АН-26 ұшағынан бір дана.
Жаттығу ұшағынан: L-39 типті 2 ұшақ; МиГ-29U типті 2 ұшақ; Су -7B түрінен 3 данасы бар.
Тікұшақтар: Ми-24 типті тікұшақтан 10 дана; Ми-8 типті тікұшақтан 8 дана.
Қорғаныс бюджеті
2008 жылдан бастап Түркіменстан қорғаныс саласына аударылатын бюджет мөлшерін арттырды. Сол жылы Түркіменстан жалпы ішкі өнім құнының 2,5 пайызын қорғаныс бюджетіне аударады. бұл шамамен 600 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қаржы. 2007 жылмен салыстырғанда 27 пайызға жоғары. Алайда, сарапшылар бұл қаржы мөлшері елдің қорғаныс қуатын әлеуеттендіруге жеткіліксіз деп қарайды.
Қазақстанға көршілес елдердің әскери қуаты: