Шетелдік Mercer компаниясы өзінің жыл сайын жасайтын шолуы аясында шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қалалардың рейтингін жариялады. Компания қымбат қалаларды анықтау кезінде шетелдіктердің қанша қаржы жұмсайтынын анықтаған. Сонымен шетелдіктердің қалтасына "ауыр" тиетін қалалар тізімі төмендегідей.
1. Луанда, Ангола
Луанда — Анголаның астанасы, мемлекеттің саяси, мәдени, қаржы-өндіріс орталығы. Елде саяси жағдай тұрақсыз. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді азамат соғысынан кейін инфрақұрылым деңгейі де әлсіреген. Осы себептен болар қала шетелдіктер үшін қымбат. Мүмкін бюджетті туристердің қаражаты арқылы толтыруды мақсат ететін болар.
Мысалы шетел азаматы бұл қалаға бара қалған жағдайда ешқандай мүліксіз екі бөлмелі пәтерді жалдауға айына шамамен 6 065,67 доллар жұмсайды.
2. Гонконг
Гонконг Қытайдың арнайы әкімшілік орталығы, Азиядағы ірі қаржы орталығы. Мемлекет бола алатын қала деуге болады. Экономика нарығы еркін, салық төмен және республика қала экономикасына араласпайды. Гонконг Азия туристері үшін қымбат қала. Себебі олардың валюталары АҚШ долларына байлаулы болғандықтан тұрғын үй жалдау қымбат немесе бір шыныаяқ кофе 7,88 доллардан асады.
3. Токио, Жапония
Токио — Жапонияның астанасы, елдің қаржы-экономикалық, өндірістік және саяси орталығы. Қала экономикасы өте жоғары деңгейде. Сондай-ақ, Токио ірі халықаралық орталық болып есептеледі. Дегенмен бұл қалада жұмыс істеп, өмір сүріп жатқан шетелдіктер аз. Осы жылы иен бағасының қымбатауына байланысты Жапония қымбат қалалар рейтингінде 5 орыннан 3 орынға көтерілді.
4. Цюрих, Швейцария
Цюрих — Швейцарияның солтүстік-шығысындағы қала. Елдің ірі қаржы орталығы. Көптеген ірі компаниялар мен банктердің штаб пәтерлері осы қалада орналасқан. Нағыз ғылым ордасы. Осы себепті да бұл қала шетеліктер үшін Еуропадағы қымбат қалалардың бірі.
5. Сингапур
Сингапур — Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет атаулы қала. Экономикалық нарығы жоғары, салық көлемі төмен, трансұлттық компаниялардың маңызы зор қала. Экономикасы экспортқа тәуелді. Тұрмыстық техника, ақпараттық технология, фармацевтика жақсы дамыған. Шетелдіктердің қалтасына да оңай тимейді. Дегенмен 2016 жылы бұл қала қымбатшылық жағынан 4 орында болса, биыл 5 орынға түсіпті.
6. Сеул, Оңтүстік Корея
Сеул — Корея Республикасының астанасы. Елдің қаржы-экономикалық, мәдени, саяси орталығы. Орта Азиядағы ірі қаржы орталықтарының бірі. Мұнда Samsung, LG, Hyundai, Kia және SK компанияларының штаб пәтерлері орналасқан.
Бұл қала ел аумағының 0,6%-ын ғана иеленгенмен жалпы ішкі өнімнің 21% -ын осы қала қамтиды. Негізгі өндіріс салалары: сауда, көлік, телекоммуникация, электроника, құрылыс. Сеул 2016 жылы қымбат қалалар тізімінде 15 орында болса, биыл 6 орынға бірден көтерілді.
7. Женева, Швейцария
Женева — Швейцарияның оңтүстік батысындағы қала. Біріккен ұлттар ұйымы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб пәтерлері осы қалада орналасқан. Женева да ірі қаржы орталығы болып есептеледі. Бұл қала қымбат қалалар тізіміне еніп отырған Швейцарияның екінші қаласы.
8. Шанхай, Қытай
Шанхай — Қытайдың ең көп халқы қоныстанған ірі қаласы. Шанхай өзінің ерекше сәулетімен ерекшеленеді. Қаржы әрі сауда орталығы. Дегенмен қала Қытай валютасы юаньның долларға қатысты қымбат қалалардың ондығына енді.
9. Нью-Йорк, АҚШ.
Нью-Йорк — АҚШ-тың ірі қаласы. Әлемдегі ең ірі қаржы-экономикалық, саяси, мәдени қала. Сондай-ақ, әлемнің экономикасы осы елге шоғырланған деуге болады. Қазіргі таңда Нью Йорк, Лондон, Токио басты әлемдік экономика орталығы болып есептеледі. Бұл қала шетелдіктер үшін АҚШ-тың ең қымбат қаласы. Мұнда мүліксіз тұрғын үйді бір айға жалдау шамамен 5058 доллар.
10. Берн, Швейцария
Берн — федералды маңызы бар Швейцария астанасы. Елдің саяси орталығы, үкімет, орталық банк пен парламент осы қалада.