8 наурыз күні, Оңтүстік Корея «Сад» жүйесін орнатуға бекіткен «Сеоңжу» гольф алаңына жақын Солтүстік Генсан, Сеоңжу аймағының тұрғындары жаппай ереуілге шығып, «Сад» жүйесін орнатуға қарсылықтарын білдірді. Наразылық соңы ереуілшілер мен полицейлер арасында жанжалға ұласты. Бұл туралы қытайлық «Шинху» агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
«Сад» жүйесі орнатылады деп тұрақтандырылған Сеоңжу аймағының тұрғындары, үкімет қарары шыққалы өз қарсылықтарын тоқтаусыз білдіріп келе жатыр. Олар өз мекендерін Шығыс Азия тыныштығына қатер төндіретін қара нүктеге айналдырғысы келмейді. Зымыран шуылынан және қоршаған ортаның өзгеріске ұшырауынан алаңдайды.
Кеше, 8 наурызда, ереуілді таратпақ болған полицейлерге күшті қарсылық болды. Олар үкіметтің халықтың пікірімен санасып, «Сад» зымыранға қарсы жүйесін орнатудан бас тартуын талап етуде. Ереуілшілердің айтысына қарағанда қарсылық шарасы бұнымен тоқтап қалмайды. Ел астанасы Сеулде де үлкен алаңдар мен АҚШ-тың Кореядағы елшілігі алдында да қарсылық қимылдары жүрілмек.
Оңтүстік Кореяның ел азаматтарының қарсылығы мен көршілес елдерден келетін қысымға қарамастан, онсызда бүлінгелі тұрған Корей түбегі мәселесін ушықтырып, «Сад» зымыранға қарсы жүйесін орнатуы, өз шешімінен көрі, АҚШ-тың мүддесі мен ықпалына жығылғандық деуге болады.
“The Qazaq Times”