Естеріңізде болса, ҚР Үкіметі Констиутцияға өзгеріс енгізу бойынша тың заң жобасын ұсынған еді. Алайда, ол халықтың мүддесіне сай емес болып, қалың жұрттың наразылығын тудырған.  Конституциядағы осы өзгерістеге байланысты порталымыз ғалым пікірін жариялаған болатын.

Бүгін, 1 наурыз, яғни Алғыс күні Қазақстан Президенті Н.Назарбаев аталмыш 26 баптың өзгеріссіз қалатынын айтты. Үкімет ұсынған заң жобасында 26 баптағы "Қазақстан азаматы заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады" деген сөйлемдегі "Қазақстан азаматы" сөзіннің орнына "әркім" деп өзгерту көзделген. Алайда, бұған қоғам белсенділері, ұлтшыл, патриоттар, жастар қарсы болып, 26 баптың өзгертілмеуін талап еткен. Конституцияға кіретін өзге де өзгерістер жан-жақты талқыланған болатын. Соңғы шешімге сай, 26 бап өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.

Бұл жайлы Президент те өз пікірін білдірді. Ол Астанадағы билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу тақырыбына арналған жұмысшы тобының отырысында бұл бап бойынша заңгерлер үлкен жұмыс жүргізгенін,  түсіндірілгенін айтты. «Өзгерісті қабылдап жіберуге болар еді. Бірақ, конституцияның аты - конституция... Конституцияға қатысты мінсіз консенсус болуы қажет. Негізгі халық конституцияны қолдауы керек. Осыған байланысты 26 бапты бұрынғы күйінде қалдыруды ұсынамын» деді.

“The Qazaq Times”