АҚШ президенті Дональд Трамп жұмыс күшінің арзандығына байланысты өндіріс жұмыстарын шетелдік азаматтарды тарта отырып, шекарадан тыс өңірлерде жасауға тырысатын компанияларға салынатын «шекаралық салық» жоспарын бекітті деп хабарлайды Рейтер агенттігі.
Агенттікке берген сұхбатында Трамп бұл жүйенің Құрама штаттардағы азаматтардың жұмыс орнымен көптеп қамтылуына мүмкіндік беретіндігін жеткізді.
Дональд Трамп: «Мен белгілі бір мөлшердегі шекаралық салықты толықтай қолдаймын. Компаниялар елге оралуы және өндіріс орындарын осында салуы керек, сол арқылы көптеген жұмыс орындарының ашылатынына сенімдімін. Сол кезде ешқандай салық та болмайды», - деп ойын айқын жеткізді.
Сонымен қатар, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың жүргізген денсаулық сақтау реформасын тоқтатқаннан кейін республикалықтармен уәде етілгендей жаңа салықтық реформаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын де айтып өтті.
Осы уақытқа дейін де Трамп осыған ұқсас салықтықтық реформалардың жүзеге асыру керектігін айтып, бірақ оның ұзақ уақытты қажет етіп қана қоймай, «өте қиын» болатындығын да ескерткен болатын.
Гауһар Жақыпбай
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы