Ресейдің Украинаға тісін қайрап, қырын қарап жүргені 2014 жылдың 20 ақпанынан басталған. Содан бері, яғни соңғы үш жылда Донбастағы қақтығыстан 9800 украиндық қаза тауып, 23 мыңы жараланған. Бұл туралы Украинаның ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап korrespondent.net хабарлайды.
Министрліктің баспасөз қызметі көрсеткен мәліметтерге сүйенсек, Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыстың салдарынан 1,8 миллион адам иммигрант болуға мәжбүр болған.
Сондай-ақ, ІІМ (Ішкі Істер Министрлігі) Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін адам құқықтарының тапталып және сол үшін украиналық белсенділер мен қырым татарларының зардап шегіп жатқандығын жеткізіп отыр.
Хаттамада: «Ресей әлі де Донбастағы бұл қақтығысқа нүкте қояр емес. Украина үкіметіне қарамайтын территорияларға Ресейдің әскерлерін және қазіргі заманғы қару-жарақпен тұтас қамтамасыз етілген бүлікшілерін де жіберіп отыр», – делінген. Айта кетейік, Ресей мен Украина шеткесетін шекарадағы 409,7 шаршы км жер Украина үкіметінің бақылауынан тыс жерге жатқызылады.
«The Qazaq Times»