Жапония – қарапайым ел емес, өзінің ерекше табиғатымен, мәдениетімен, қоршаған ортаға деген өзгеше көзқарасымен  танылған бүтін бір әлем секілді. Бұл елдің адамдары өте еңбекқор, кез келген жағдайда табандылық танытады. Оған дәлел:  көптеген өнертабыстар мен технологиялары. Кішкентай ел бола тұра, әлемдегі технологиялық көшбасшы саналу – титаниктік жетістік.

Назарларыңызға жапондықтар үшін қалыпты, ал біз үшін ерекше дүниелерді ұсынамыз:

Ваннасы бар мінсіз поезд

Жапонияда аяққа арналған ыстық ваннасы бар поездар бар. Жол жүрген адам шаршап, шалдығып қалады ғой. Күншығыс елінде сіз жолда шаршағаныңызды басып, қайта демалып барасыз. Керемет қой?

 

Фото: afigenchik.ru

Жапонияда жұмыста ұйықтауға рұқсат етілген

Саяси әзілдерді шетке ысырайық. Жапонияда кездесулерде, конференцияларда немесе жұмыс орнында ұйықтау – адамның көп жұмыс жасайтындығын және шаршап жүргендігін білдіреді. Мұндай ұйқы жапон тілінде «Инэмури» деп аталады. Мағынасы «Жұмыста бар болу және ұйықтау» дегенге саяды. Егер лауазымы төмен болса, бастықтардың көзінше ұйықтауға болмайды. Әрине, егер қызметі өзгелерден  жоғары болса, жұмыс уақытында көз шырымын алу әдепсіздікке жатпайды.

Фото: afigenchik.ru

Тегін қолшатыр

Аялдамалар мен көшелерде қолшатырлар салынған арнайы үлкен қорап болады. Жаңбыр жауа қалған жағдайда, кез келген адам оны алып қолдана береді. Тегін. Ал жаңбыр басылғаннан кейін жолда жолыққан осындай бір қорапқа салып кете береді.

Фото: bigpicture

Капсулалық қонақ үйлер

Жапондықтарды ойлап тапқан әлемді таң қалдырған дүниелерінің бірі осы болған шығар. Алғаш рет капсулалық «қонақ үй» 1979 жылы Токиода жасалынған. Содан бері мыңдаған меймандарға қызмет етіп келе жатыр. Оның ішінде кәсіпкерлер де бар, үйіне баруға қорқатын маскүнемдер ба бар екен.

Фото: bigpicture

Мінсіз сауда автоматтары

Арнайы машинкалардан кофе ішудің ерекше әсер ететіні бар. Өте ыңғайлы көрінеді. Жапондықтар мұндай сауда автоматтарын пайдаға жаратуды біледі. Олардың автоматтары суға піскен жұмыртқа, қуырылған картоп пен тауық береді. Сонымен қатар, бұл елде жануарларға арналған автоматтар бар.

Фото: afigenchik.ru

Мінсіз жанармай құятын орындар

Жапониядағы жанармай құятын орындарда (газ станциялар) шлангілер жоғарыда ілініп тұрады. Өз кезегінде бұндай тәсіл кез келген адам үшін тиімді әрі ыңғайлы.

Фото: afigenchik.ru

Мінсіз үстелдер

Фото: afigenchik.ru

Кезек күтуге  арналған орындықтарды да ойлап тапқан.

Түйін: Жапондықтар бәрін жақсы ойластырып қойған. Олардан үйренеріміз көп.

«The Qazaq Times»