АҚШ-тың Ұлттық әуе-ғарыш ұйымы (NASA) басшысының ирандық аға орынбасары АҚШ Президенті Дональд Трамптың мигранттарға қарсы саясатына наразылық білдіріп: «Ирандықтар ежелгі заманның ең заманауи өркениетіне ие болған шақта, Калифорния әлі Кариб теңізінің астында жатқан» деді. Бұл туралы “Фарс” баспасөзі хабар таратты.
АҚШ-тың Ұлттық әуе-ғарыш ұйымы (NASA) басшысының аға орынбасары әрі күн жүйесін зерттеу бөлімінің басшысы профессор Фируз Надери Трамптың ислам елдеріне, соның ішінде Иранға қатысты антимиграциялық саясаттарына тоқталып: «NASA басшыларының 43 пайызы, АҚШ-тың математиктер қоғамына мүшелердің 21 пайызы, дәрігерлердің 14 пайызы, компьютерлік бағдарламалар жазушылардың 17 пайызы, АҚШ-тың атақты университеттеріндегі ұстаздардың 11 пайызы – ирандықтар.
АҚШ-тың жаңа Президенті ондаған жылдық ақпараттық соғыс пен миллиард доллар жұмсап, әлемнің ең үздік мамандарын тарту жұмыстарының нәтижесін ақымақтықпен желге ұшырды.
Дональд Трамп АҚШ-тың абыройын, тіпті өз одақтастары алдында да төкті. Өзінің ар-ұжданын Сауд Арабияның бала өлтіргіш режимінің долларларына сатып жіберді» деп қатаң сын-пікірін айтып тастады.
«The Qazaq Times»


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі