Бұл жолғы алтын медальды шаңғышылар жеңіп алды. Олар командалық спринттің аралас ойын түрі бойынша сынға түскен болатын.
Қазақстан шаңғышлары бұл жарыста үздік ойын көрсеткішіне қол жеткізді. Нәтиже – 18:23.48. Команда сапында Анна Шевченко мен Олжас Климин өнер көрсеткен еді. Осылайша, Универсиададағы алтын жүлде саны тоғызға жетті. Күміс француздарға бұйырса, қола жүлде ресейлік спортшылардың еншісіне тиді. Дәл осы командалық ойында отандастарымыз Ольга Мандрика мен Сергей Малышев алтыншы орынға тұрақтады. Олардың нәтижесі – 19:11.72.
Естеріңізге сала кетсек, Анна Шевченко еліміз спортшылары сапында, осы жолғы Универсиададағы алғашқы алтынды еншілеген шаңғышы болатын.
Сондай-ақ, бүгін конькимен сырғанауда Екатерина Айдова үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді.
Дәл қазір спортшыларымыз 9 алтын, 2 күміс, 9 қола – жиыны 20 медаль алып, екінші орында тұр. Жарыстың жалпы нәтижесі бойынша, 16 – алтын, 17 – күміс, 9 – қола медалмен Ресей бірінші орында келеді.
«The Qazaq Times»