Халықаралық ғалымдар тобы анықтағандай, адам қартайғанда мидың танымдық функциялары мен белсенділігін бақылайтын қызметі төмендейді. Зерттеу нәтижесі JAMA Neurology журналында жарық көрді.
Жеңіл когнитивтік зақымдану (MCI) – мидағы интеллектуалды белсенділіктің төмендеуі. Деменция сияқты емес, әлеуметтік дезадаптацияға шалдырмайды. Әдетте мұндай белгілер қарт адамдарда жиі байқалады. Айта кететіні, мидың белсенділігін арттыруға бағытталған жаттығулар болашақта когнитивті күйзелістерді төмендетеді.
Алайда, бұл жеңіл когнитивті зақымданудың (MCI) кәрілік кезіндегі ми белсенділігінің азаюымен қаншалықты байланысы бар деген сұраққа жауап жоқ болған. Соны тексеру мақсатында, Аризонадағы Мейо емханасының ғалымдары, Миннесоте мен Халықаралық клиникалық зерттеу орталығының (Чехия) зерттеушілері 70 жастан асқан 1929 адамға тәжірибе жүргізді. Оның ішінде интеллектіне ешбір зақым келмеген адамдар да бар.
Одан кейін әлеуметтік-демографиялық параметрлер бойынша авторлар зияткерлік қызметіне байланысты адамдардың интеллектуалды деңгейін салыстырды. Соңғыларына компьютермен үздіксіз жұмыс істейтіндер, компьютерлік ойындарды ойнайтындар мен қолөнермен айналысатындар жатады. Араға 15 ай салып ғалымдар еріктілерге нейрокогнитивті бағалау жүргізіп отырған. Осылайша жалпы тәжірибе уақыты 4 жылға созылған.
Нәтижесі төмендегідей болған: компьютерде жұмыс істеген қарт адамдардағы жеңіл когнитивті зақымдану деңгейі 30 пайыздық пунктке (п.п.), қолөнершілердікі – 28 п.п деңгейіне дейін төмендеген.
"The Qazaq Times"