«Атақты сәулетші Винсент Каллебаут Брюссельдегі бұрынғы өнеркәсіптік аймақтарды қайта жөндеу концепциясын ұсынды. Қолжетімді энергия өндіретін экологиялық таза ғимараттарды салу жоспарымен бөлісті», – деп хабарлайды Naked-Science.
Бельгиялық архитектор Винсент Каллебауттың жаңа өршіл жобасы Брюссельді технологиялық тұрғыдан да, экологиялық тұрғыдан да ең таза ауданға айналдыруға зор үлес қоспақ. Концепция бойынша, бұрыннан келе жатқан ғимараттарға қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, «тігінен орналасқан ормандар» құрылысы секілді өзге де зәулім ғимараттарды «киіндірмек».
1900 жылдардың басында бұл өнеркәсіп ауданы қойма ретінде пайдаланылған. Қазіргі уақытта жергілікті халықты ғана емес, туристердің де назарын аудартатын маңызды жаңартулар жүзеге асырылып жатыр. Ертеректе, қойма ретінде пайдаланылған орындар бүгінде кеңсе, тұрғын үй, мейрамханаларға айналған. Осыны ескере келе, Винсент Каллебауттың ойынша, осы ауданды экологиялық таза энергия көздері бар шағын қалашыққа айналдыру қажет.

Винсент Каллебаут ұсынған концепцияның ішкі көрінісі
Құрылыстың маңызды концепцияларының бірі – «тігінен орналасқан ормандар». Таулы ландшафтыларға ұқсас дизайндағы үш ғимарат салынады. Жаңа құрылыс жұмыстары Брюссель каналдарының бойымен жүргізіледі. Мұнда теңіз терминалдары түзілетіндіктен, кеңселер үшін аудан ішінде 50 мың шаршы метр орын пайда болады. Ауданды қайта құру нәтижесінде қаланы 80 мың шаршы метр шамасындағы тұрғын үйлермен қамтамасыз етеді.
Сәулетшінің бұл жобасы жүзеге асатыны әлі де белгісіз. Алайда, ол (Винсент Каллебаут) аталмыш жоба болашақтағы осыған ұқсас жобаларға себепші боларына сенімді.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?