9 қаңтар күні Доналд Трамптың командасы, АҚШ президент сайлауы науқанына ресейлік хакерлердің араласқанын мойындады. Бұл іс АҚШ президент сайлауынан бері қарай Обама мен Трамп арасындағы ең бір түйткілді мәселе болатын. Трамп билігі бұған арнайы шаралар қолданатынын да айтты.

Ақүйге жаңадан тағайындаған кеңсе меңгерушісі Прибус Райнс өз мәлімдемесінде: «Құрама Штаттардағы президент сайлауы кезінде, Ресей бір реткі АҚШ демократиялық партиясының конвенциясына хакерлік шабуыл жасаған. Бұл АҚШ сайлауына жасалған кедергінің артында Путинның тұрғаны анық, президент Трамп бұны Ресей жақтың басты ұстанымы ретінде қабылдайды» деді. Бұл Трамп билігіндегілердің АҚШ сайлауындағы ресейлік хакерлердің шабуылын  алғаш рет мойындауы. Осыдан бұрын Трамп ресейлік хакерлер шабуылы мен Трамптың сайлануына Ресейдің қолдауы болды дегенді мойындамай келген болатын.

20 қаңтардағы президенттің ресми тағайындалуын ұлықтау рәсімі жақындап қалды, оған қоса Трамптың өз париясы ішінде де оған деген қысым күн санап артып келеді. Көптеген адамдар бұл рет сайланған президенттің АҚШ Қауісіздік және барлау органдарымен тығыз байланыста болуын қалайды. Бұл саяси тұлғалардың талабынан шығу үшін Трамп билігі  осы қадамға еріксіз барып отыр.

Өткен аптада АҚШ Қауіпсіздік және барлау мекемесі «Путин АҚШ-қа қарата кибер шабуылды өз ішіне қамтыған кешенді жоспарға жетекшілік жасап отыр» деп мәлімдеген еді. Енді Трамп билігінің бұл істі мойындауы Трампты жоғары саяси тұлғалар мен Қауіпсіздік және барлау органдарына жақындатты деуге әбден болады.

"The Qazaq Times"