«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы Париж көшелерінде полицияның мигранттарды қинап, олардың мазаларын алып, қатыгездік көрсетуін тоқтатуды талап етті, деп қабарлайды parstoday.
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы мәлімдеме жариялап, Франция полициясының босқындарға қарсы қатыгездіктерін қабылдауға келмейді деп бағалап: «Полицияның Францияның астанасындағы жүздеген мигрантқа қарсы қатыгез әрекеттері адамгершілікке жатпайды. Қыстың қақаған аязында босқындардың көрпе-төсегін тартып алу олардың жанына қауіп төндіреді» деп қуаттады. Францияның жүздеген адамы жақында Франция үкіметінің мигранттарға қатысты іс-шараларына наразылық білдіріп, оларға қолдау көрсету мақсатында Парижде шеру өткізген болатын. Франция полициясы 2016 жылдың қараша айында "Кале" қосынын қиратып, сол жерде тұрып жатқан мыңдаған босқынды шығарып тастады. Францияның әсіре оңшыл ұлттық майдан партиясы талай рет мигранттарды Франциядан қуып шығаруды қуаттады.
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы