Біз орыс тілінде берілетін сан-сала ақпараттың соңына ілесіп, орыс рухының көшірмесіне айналып барамыз. Біздің халық өз бетімен әлемдік ақпаратты, әлемдік ғылыми жаңалықты қорыту қабілетінен айырылып барады. Орыс тіліндегі ғылыми жаңалықты көшіріп аламыз. Орыс тіліндегі әлемдік ақпаратты, руханиятты көшіріп аламыз. Былайша айтқанда, біз рухани жатып ішер ел болып барамыз.
"The Qazaq Times"